«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ (ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ САБАҚТАСТЫЛЫҒЫ ЖƏНЕ ДƏСТҮРЛЕРІ)» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

1248

2021 жылы 2 сәуір күні Алматыда ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығы және Ұлы дала тарихы және мәдениетін зерттеу жөніндегі Археографиялық қоғамдастықтың ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ (ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ САБАҚТАСТЫЛЫҒЫ ЖƏНЕ ДƏСТҮРЛЕРІ)» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 30 жылдығына және «Ұлы дала тарихы және мәдениеті бойынша шетел архивтері мен қорларындағы археографиялық жұмыстар (айқындау, талдау, цифрлау)» ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты: архивтік дереккөздер, құжаттық материалдар және жаңа зерттеулер негізінде әлемдік даму контексіндегі қазақ мемлекеттілігінің тарихын зерделеу.

Қазақстан және Орталық Азия елдері мемлекеттілігінің тарихын зерделеу аясында жаһандық дүниежүзілік-тарихи үдерістегі Еуразия мен түркі әлемінің алатын орнын, сондай-ақ, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі Шығыс пен Батыстың әрекеттестігі мен өзара әсерінің үдерістерін зерделеу.

Мамандар жүргізген археографиялық экспедицияларда алынған архив материалдарын жүйелі өңдеу, жинақтау және сапалы талдау мен тарихи жадыны қалпына келтіру, мемлекеттілік дәстүрлерінің қалыптасуы мен дамуы үшін маңызы зор.

Zoom веб-дөңгелек үстелге тіркелуге арналған сілтеме:

2021 жылдың 2 сәуірі 10:30 AM Алматы

Дөңгелек үстелге қатысу үшін алдын ала тіркеліңіз:

https://us02web.zoom.us/meeting/register/tZUucuuhpjksE9RKV

JsL2xYvCU9rSQwXNAT

Тіркеуден өткеннен соң, дөңгелек үстелге кіру туралы ақпараты бар, растайтын электрондық хат жіберіледі.

Шығыстану ақпараты