ОТАНҒА ОРАЛҒАН 30 ЖЫЛҒА ЖУЫҚ УАҚЫТ МЕН ҮШІН ЖЕМІСТІ БОЛДЫ ДЕП АЙТА АЛАМЫН

204
2021 жылдың 15 қаңтарында белгілі қытайтанушы ғалым, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ф.ғ.д. профессор Дүкен Мәсімханұлы Еуразия ғылыми-зерттеу институы Eurasian Research Institute-You Tube каналының “suhbet” бағдарламасына сұхбат берді.
Д.Мәсімханұлы аталмыш бағдарламаға берген сұхбатында бала шақтан бүгінгі күнге дейінгі өмір сапарына, ғылымға келу жолына шолу жасайды. Сондай-ақ Шығыстану Институтының бұған дейінгі атқарған істері мен бұдан кейінгі жоба-жоспарларына тоқталып өтті.