Нұрлан Кенжеахметтің «Eurasian Historical Geography as Reflected in Geographical Literature and in Maps from the 13th to the mid-17th centuries» атты ғылыми монографиясының тұсаукесері өтті
Бүгін «Rahat Palace» қонақ үйінің «Абай» залында профессор, доктор Нұрлан Кенжеахметтің «Eurasian Historical Geography as Reflected in Geographical Literature and in Maps from the 13th to the mid-17th centuries» атты бірегей ғылыми монографиясының таныстырылымы мен тұсаукесері өтті.
Тұсаукесерге Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Д.Мәсімханұлы және институттың Республикалық тарихи материалдарды зерттеу ақпараттық орталығының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Қ. Әбусейітова қатысып сөз сөйледі.
Жиынға Институттың қызметкерлері Ж.Ошан, Б.Батырхан, З.Табынбаева, Н.Шаймарданова қатысты.