«Ұлы Дала тарихы және мәдениеті» бағдарламасы

1188

«Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» Бағдарламасы ұлттық тарихқа біртұтас көзқарасты, пәнаралық және транспәндік дәрежеде тарих пен мәдениетті зерделеуге жаңа тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама археологиялық ескерткіштер мен артефактілерді зерделеу мен оларды мерзімдеу барысында жаратылыстану ғылымдары пәндерінің сан алуан әдістерін қолдану; қазақ халқының өзін-өзі ұқсастандырудың жолдарын, формаларын және тәсілдерін айқындау жолымен іске асырылады.
Оны іске асыру барысында: этногенез бен этникалық тарих мәселелерін зерделеу; қазақ мемлекеттілігі тарихын талдау; Қазақстан тарихындағы ұқсастылық пен жаңғыруды зерттеу; ақпараттық платформасын құру міндеттері қарастырылады.
Ғылыми зерттеу тарих, археология, антропология, генетика, шығыстану, цивилиография, мәдениеттану, геосаясат, мемлекет және құқық теориясы тәрізді бірқатар пәндердің түйіскен жерінде орындалып, кешенді, пәнаралық және транспәндік сипат алады. Бұл этногенез бен этникалық тарих, мемлекеттің құрылу үдерістері проблемасын алға қоюды акценттеп, әмбебап-плюралистік тәсілді есепке ала отырып, міндеттерді қарастыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны іске асыруда күтілетін ғылыми нәтижесі – тарихи жады мен оның сабақтастығын сақтау, Қазақстан халқы ұқсастылығын қалыптастыру түрінде ұлттық тарихты зерттеу. Зерттеу қазақ мемлекеттілігі тарихының жаңғыруына, мәдениеттер мен өркениеттердің әрқилы тілдік қауымдармен ұзақ уақыт қатар өмір сүруіне байланысты этнолингвистикалық әрекеттестігін айқындауға, сонымен қатар, ұқсастылықты сақтау мен Ұлы Даланың тарихи-мәдени мұрасын тұтастай көруін қалыптастыруға себепші болады.
Зерттеу нәтижелері жиынтықтайтын іргелі еңбектер, шетелдік ғылыми журналдарда жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептердің бағдарламалары, монографиялар, жинақтар жариялау, сонымен қатар, білім, ғылым және мәдениет салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу, сәйкес министрліктер мен ведомстволардың тәжірибелік сұранымдарына ұзақ мерзімді ұсынымдарын қалыптастыру түрінде ұсынылады. Ғылыми жетістіктермен алмасу мақсатында, шетелдік зерттеушілерді тарта отырып, халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар, семинарлар, жаттықтыратын шеберлік сабақтары мен тренингтер өткізу, жас кадрларды даярлау және жастарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту – Бағдарлама нәтижелерін әйгілеу болып табылады.

 

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/https://indolivestock.com/https://dompetalquran.or.id/