АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2026 жылғы 3 шілдеде Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты «Алтын Орда кезеңінде Батыс Қазақстандағы отырықшы қоныстардың тіршілікқамының тарихи ортасы мен тарихи шындығы» тақырыбына Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Аталған іс-шара «Алтын Орда дәуіріндегі Батыс Қазақстан отырықшы елді мекендерінің тарихы: тұрмыстық материалдық мәдениетін қайта құру» (ЖТН AP23489009) атты гранттық қаржыландыру ғылыми жобасын орындау аясында жоспарланған.
Ұлы Жібек жолы бойында қалыптасқан қалалық орталықтар тек құрлықаралық сауданың қуатты тораптары ғана емес, сонымен қатар Жошы Ұлысы мен одан кейінгі Қазақ хандығы мемлекеттілігінің қалыптасуындағы жүйе құраушы факторлар болды. Жошы Ұлысының (Алтын Орданың) тарихы Қазақстанның ортағасырлық өткенінің іргелі негізін құрайды. Сонымен қатар Алтын Орда дәуірінде Батыс Қазақстандағы отырықшы қоныстардың әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымы мен олардың тіршілікқамы ерекшеліктері – бүгінге дейін отандық тарихнамадағы ең аз зерттелген кешенді түрде қайта пайымдауды қажет ететін мәселелердің бірі.
Конференцияның мақсаты – Алтын Орда кезеңіндегі Батыс Қазақстанның отырықшы қоныстарының тіршілікқамы жүйесінің ерекшеліктерін ашып көрсететін зерттеу нәтижелерімен алмасуға арналған ғылыми алаң қалыптастыру. Конференция империядағы қала халқының тарихи ортасы мен мен күнделікті өмір тарихын ғана емес, сондай-ақ далалық аймақтағы отырықшы-егіншілік оазистерінің даму динамикасын да көрсетуге бағытталған. Маңызды міндеттердің бірі ретінде күнделікті мәдениет қабаттары мен Алтын Орда тарихына жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретін заманауи әдіснамаларды пайдалану арқылы отандық ғылымның өзекті даму бағыттарын айқындау мәселелері қарастырылады.
Конференция жұмысы төмендегідей бағыттарды қамтиды:
– Тарихнама және деректану (жазбаша және картографиялық деректер);
– Алтын Орда дәуіріндегі тіршілікқамы жүйесінің эволюциясы;
– Еуразия түркі халықтарының тарихындағы Ұлы Жібек жолының рөлі;
– Жошы ұлысының әлеуметтік дамуы;
– Қалалар мен қалалық мәдениет және олардың көшпелі әлеммен байланысы.
Конференцияға қатысу үшін өтінім және баяндама мәтінін 2026 жылғы 25 маусымға дейін конференцияның ұйымдастыру комитетінің мекен жайына – culture.westkz@yandex.ru жіберу қажет. Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін өтінімдерді қабылдамауға құқылы. Материалдар конференция жинағында жарияланады.
Конференцияға қатысуға ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Басталуы: 2026 ж. 3 шілде, сағат 10:00.
Жұмыс форматы: Zoom платформасы арқылы онлайн-конференция: https://us06web.zoom.us/j/82879495562?pwd=iYWDDJoUAi3Ly5t0at9fjZc4Bh3ZW2.1
Конференция идентификаторы: 828 7949 5562
Ашу коды: 434942
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Құрманғазы көш., 29, ҚР ҒЖБМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты.










