Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ватиканның Апостолдық кітапханасы арасындағы ынтымақтастық барған сайын нығая түспек

37

2025 жылдың 12 маусымы күні Ватикан Апостолдық кітапханасының префектісі монсеньор Мауро Мантовани мырза Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, профессор Дүкен Мәсімханұлы бастаған қазақстандық делегациямен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Ватиканда сақталған ежелгі түркі және арғы-бергі қазақ тарихына қатысты тарихи, құнды деректер мен құжаттарды зерттеуде екі жақты әріптестікті одан әрі дамыту мен нығайту жолдарын талқылады. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ватикан Апостолдық Кітапханасы мен Архиві арасында жаңа өзара түсіністік, ынтымақтастық туралы Меморандумды ұзарту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кездесуде мұндай маңызды ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ватикан басшылығы арасындағы тікелей келісімдердің арқасында қол жеткізілгені атап айтылды.
Бұл кездесуге Қазақстанның Қасиетті Тақтағы және Мальта Егеменді Ордені жанындағы Елшілігінің өкілі Байсынов Әсет Ибраимұлы, көрнекті қазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қалқаман Жұмағұлов, PhD доктор, парсы және Шағатай тілдерінің маманы, ирантанушы ғалым Болатбек Батырхан мен тарихшы ғалым, PhD доктор Нұртас Әбдімомынов қатысты.
Кездесу соңында Институт директоры Дүкен Мәсімханұлы Ватиканның Апостолдық кітапханасы префектісі Мауро Мантованиге жаңа сайланып, қызметіне енді кірісіп жатқан Рим Папасы Лев XIV-ке жылы лебіз жазылған арнайы құттықтау хаты мен сый-сыяпатын табыстады.
Мауро Мантовани қазақстандық ғалымдар делегациясына зор ризашылығын білдіріп, болашақта ғылыми байланыстарды одан әрі дамытуға ықыласты екендігін жеткізді.
Кездесу соңында қонақ иесі Шығыстану институтының делегациясын өзі ертіп жүріп аса құрметті шетелдік қонақтарға ғана көрсетілетін әйгілі Сикстин капелласын тамашалатты.

Сикстин капелласы туралы бірер сөз, Систин капелласы (лат. Sacellum Sixtinum, Италия. Cappella Sistina) – Ватикандағы бұрынғы үй шіркеуі. 1473-1481 жылдары сәулетші Джордж де Долчи Рим Папасы Сикст IV тапсырысы бойынша салынған. Қазір Капелла мұражайы Кардиналдар Жаңа Рим папасын сайлайтын конклавтарды өткізу үшін пайдаланылатын көрнекті орын. Систин капелласының хоры – қазіргі Рим – Католик шіркеуінің маңызды хорларының бірі.

slot danahttps://cefta.int/