Шығыстану институтында жапондық ғалыммен кездесу өтті

192

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұйымдастыруымен, Жапонияның Киото қаласы, Рицумейкан университеті Кинугас ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Кайхе Айсингиороның қатысуымен «Көшпенділер мен қоныстанушылар мәдениетінің тарихи даму мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуде алғаш сөз алған Институттың бас директоры, ф.ғ.д., профессор Дүкен Мәсімханұлы қонаққа Шығыстану институтының тарихы, тыныс-тіршілігі, ғылыми кадрлар құрамы, ғылыми-зерттеу бағыттары, халықаралық байланыстары жайлы кеңінен мағлұмат берді.

Солтүстік Азия мен Солтүстік Шығыс Азияның тарихы мен антропологиясын зерттеумен айналысатын ғалым Кайхе Айсингиоро «Жапониядағы тюркологияның дамуы және негізгі зерттеуші ғалымдар» тақырыбында баяндама жасады. Жапониялық ғалым баяндамасында Жапониядағы түркітану ғылымының зерттелуі, зерттеу орталықтары мен зерттеуші ғалымдар туралы  кеңінен таныстырды.

Дөңгелек үстелге қатысқан Институт қызметкерлері ғалымның баяндамасы бойынша және Жапонияда Орталық Азия және Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениетінің зерттелуі бойынша сұрақтар қойып толыққанды жауаптар алды.

Кездесу соңында Институт директоры Д. Мәсімханұлы мейманға мазмұнды баяндама үшін алғысын білдіріп, институт жанынан шығатын кітаптарды сыйға тартты.