Шығыстану институтының ғалымдары марапатталды

362
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің төсбелгісімен, Құрмет грамоталары және Алғыс хатпен марапатталды.
Филология ғылымдарының кандидаты Р.Қ. Юсупов “Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі” үшін төсбелгісімен, экономика ғылымдарының докторы, профессор А. Рамазанов Құрмет грамотасымен, география ғылымдарының кандидаты, профессор Қ. Сарқытқан Құрмет грамотасымен, ғылыми қызметкер Ұ.Д. Жүзбаева министрдің Алғыс хатымен марапатталды.
Марапаттарды Институттың бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Д. Мәсімханұлы табыстады.
Марапатқа ие болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, ғылыми шығармашылық табыс тілейміз.