МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

345

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры Д. Мәсімханұлы мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарабаев орталығының басқарамы төрағасы Б. Сәрсенбаев институтпен орталық арасында екі жақты ынтымақтастық орнату мақсатында өзара меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар келесі бағыттар бойынша ынытмақтастықты дамытуды көздейді:

  • Дін саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға, рухани-өнегелікжәне азаматтық құндылықтарды дамытуға бағытталған ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • Дін саласы бойынша жинақталған ақпарат, тәжірибе және ғылыми зерттеу материалдарымен өзара алмасу;
  • Өзара қызығушылық тудыратын мәселелр бойынша кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференцияларжәне өзге де ғылыми іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Тараптардың базасында мамандар мен зерттеушілердің тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарасытру;
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің идеяларын ілгерілету бойынша бірлескен ақпараттық және имидждік жобаларды жүзеге асыру;
  • 2023 жылдан бастап конфессияаралық диалог пен келісімді дамыту тақырыбы аясында дінтанушылардың, сонымен қатар өзге де сарапшылардың қатысуымен бірлескен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру.