Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторант Бағдат ДҮЙСЕНОВТІҢ “Найзатас” журналына берген сұхбаты

838
Ескі жылдың есігін жауып, жаңа жылдың табылдырығын аттар тұста, «Найзатас» журналының шағын сауалнамасында – өлкетанушы, ақын, жазушы, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторант Бағдат ДҮЙСЕНОВ:
– 2022 жылы шығармашылығыңызда қандай елеулі оқиғалар болды?
– Өткен жылға өкпе жоқ деп келешектен көп үміт күтетін елміз. Әйтсе де, өзім үшін өткен жыл өнімді жыл болды дей аламын. Қазіргі таңда ғылым саласында еңбек етіп жүргендіктен, әуелі ғылым саласында атқарған жұмыстарыма тоқталсам.
Қазіргі уақытта мен «Алтын Орданың этносасяи тарихына қатысты жаңа дереккөздерді аудару және зерттеу» гранттық жобасында қызмет атқарам. Жобаның ғылыми жетекшісі – PhD, профессор Ж.М. Сәбитов.
Осы жоба бойынша ХІІІ-ХІV ғасырларда Мәмлүктер мемлекетінде түзілген арабша-қыпшақша сөздігін «Түркі тілінің жарқыраған інжу-маржаны» деген атпен кітап қып дайындап, баспаға тапсырдым.
Сонымен қатар, көптеген халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, мақалалар жарияладым.
Одан бөлек, ҚР МСМ «Орталық мемлекеттік архиві» республикалық мемлекеттік мекемесінің атқарып жатқан «Архив – 2025» жобасы бойынша осы жылдың қазан айында Иран Ислам Республикасының Тегеран қаласындағы кітапханалары мен архив қорларынан Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды құжаттар іздестіріп, ғылыми экспедицияда болып қайттық. Экспедиция нәтижелері бойынша ғылыми журналдарда жарияланымдар жасалып, конференцияларда танысытырылымдары болды.
Сонымен қатар, «Он сан Орта жүзге ұран болған Ер Олжабай» деген атпен танылған ірі қолбасшы, Абылай ханның ақ туын ұстаған Олжабай батыр туралы әйгілі академик, ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның отбасылық жеке қорында сақталған материалдар бойынша «Олжабай батыр» кітабын дайындап шықтым. Бұл кітапта Әлкей Марғұлан өзінің атасы Олжабай батыр туралы кітап жазбақшы болып жинаған материалдар қамтылды. Бұл қолжазбаларды кеңестік кезеңде тексеріп келгендерге түсініксіз болсын деп әдейі араб әрпімен жазған болуы керек, басым көпшілігі араб харпінде. Ғалымның өз қолымен жазған дүниелерді атамыздың қызы Дәнел Әлкейқызы ұсынып, төте жазудағы шығармалардың бір бөлігін Гүлнар Омарова ханым, бір бөлігін мен қазіргі қазақ хәрпіне аударып, баспаға әзірледік. Бұл кітапты алғаш рет Алматы облысының әкімдігінің қолдауымен былтыр шығарып, Талдықорған қаласында тұсауын кескен болатынбыз. Кейіннен аталас ағайын болып келетін Айдабол ұрпақтары атамыздың кітабын толықтырып қайтадан бастыру керек деп, «Олжабай батыр» қоғамдық қорының қолдауымен кітапты қайтадан толықтырып, Жаяу Мұса Байжанұлының Қазан қаласында сақталған қолжазбаларын алдыртып, оны араб хәрпінен аударып, Ә. Марғұлан қолданған архивтік құжаттар мен кітаптардан қажетті материалдар қосып, басқа да толықтырулар жасап, қайта жарияладық. Бұл кітаптың тұсаукесерін Павлодар облысында өткізу жоспарланғанымен еш мүмкіндік болмады. Екібастұз қаласында жылу жүйесі апатты жағдайға ұшырап, ел титықтап жатқанда мерекелік шара жасау әбестік болар деген ниетпен бұл шара іске асырылмады.
Айта берсе көп бола ма, әйтсе де айтпасқа болмайтын тағы да атқарған маңызды жұмыстарымыздың бірі – Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп ауылында әйгілі академик, ерен энергетик, Халық қаһарманы Шапық Шөкиннің 110 жылдығына орай ғалымның атамекені, менің туған ауылымда академик Ш.Шөкин атындағы Өлкетану музейін аштым. Бұл менің соңғы үш жылда тынбай атқарған еңбектерімінің жемісі деп білемін. Себебі, бұл музейдің концепциясынан бастап, әрбір бөліміндегі материалдарды түгендеп, қаржысын тауып, жөндеу жұмыстарын қадағалап, ұйымдастырып шығу оңай шаруа емес, атсалысқан азаматтарға алғысым шексіз!
Павлодар, Астана, Қарағанды сияқты қалың халық мекендеген, өндіріс орындары орналасқан жерлердің су мәселесін шешіп, Ертіс-Қарағанды каналының ғылыми жобасын, Алматы қаласының жарығын беріп тұрған Қапшағай ГЭС-ін тұрғызған, Медеу шатқалының ғылыми негізін жасап берген, ел үшін тағы да басқа өлшеусіз мұра қалдырған ғұлама ғалымның мерейтойы аудандық деңгейде ғана аталып өтті. Бұл дегеніміз елдігімізге сын. Оны айтпасқа болмайды. Ұлы тұлғаларымызды ұлықтап, жалпыға жария ете алмасақ, елдігіміз қайсы?!
Қадап айтарлық ең басты деген жұмыстарымыз осы. Бұдан басқа да жасалған жұмыс көп.
– 2023 жылға қандай жоспарларыңыз бар?
– Келер жылдан күтетін үмітіміз көп. Алдымыздағы жоспарлардың бастыларын атап өтсек, өзім қызмет атқаратын Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының шетелдік архивтердегі тарихи мұраларымызды түгендеу және эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеуге қатысты ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатысамын.
Сонымен қатар, Алла қаласа, мамыр, маусым айларында Түркияда ғылыми тағылымдамадан өтемін.
Құдай қаласа, көп жылдар бойы аудармасы жасалып, бірақта іске аспай тұрған үлкен шаруа Ақтөбе облысындағы қасиетті қорымның арабжазулы құлпытастарының кітабын шығару жобасы келесі жылы қолға алынбақшы. Егер жоба ұсынса, Павлодар өңіріндегі арабжазулы құлпытастардың да кітабын шығаруға дайынбыз. Өйткені, бұл өңірдің құлпытастарын іздестіріп, зерттеу жұмыстарын бастаған болатынбыз.
Сонымен қатар, алдында айтқан жоба бойынша Мәмлүктер мемлекетінде түзілген «аш-Шүдүр ад-Даһабийа» арабша-қыпшақша сөздігін кітап қылып шығарамыз. «Архив-2025» бағдарламасы бойынша да жұмыс жалғасады.
Бұдан бөлек, әдебиет әлеміндегі жұмыстар бойынша да біраз шаруа атқару жоспарда бар. Көп жылдар бойы жазылған поэзиялық, прозалық шығармаларымды жинастырып, кітаптар шығарсам деген жоспар бар. Алла қаласа, бәрі ретімен болады деп сенемін. Келер жылымыз бейбітшілік орнаған берекелі жыл болсын!
Барлықтарыңызға толағай табыстар, шығармашылық шабыттар, мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін.
Р.Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институтының ақпарат бөлімі
Дереккөз: https://www.facebook.com/profile.php?id=100016474082036
https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/https://indolivestock.com/