12 сәуір – ғылым қызметкерлері күні

322
Астана қаласында өткен Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиынға Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану иснтитутының директоры Д. Мәсімханұлы қатысты.
Салтанатты жиынды ашқан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек барлық ғылым саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, алда тұрған негізгі міндеттерді атап өтті.
Салтанатты жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Көлгінов арнайы келіп қатысты. А.С. Көлгінов Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым мен жоғары білімді дамытуға байланысты тапсырмаларын орындаудың маңыздылығы жайында баяндама жасады.
Шығыстану институтының директоры Д. Мәсімханұлы осы ғимаратта өткен ғылыми жетістіктер көрмесіне қойылған Шығыстану институтының ғылыми жетістіктерін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, министирлер т.б. қонақтарға таныстырды.
Салтанатты жиынның соңы Қазақ Ұлттық өнер университетінің ұстаздары мен шәкірттерінің концерттік бағдарламасына ұласты.