Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

854

2022 жылы сәуір айының 28,29 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы (ХХХ және ХХХІ) өтті. 28 сәуір күні өткен ХХХ сессияда Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламенттегі босап қалған орындарына депутат сайланды. Одан кейін секциялар бойынша талқылаулар болды. Сондай-ақ Ассамблея жастар форуымы өтті.

29 сәуір күні ҚР Президенті, ҚХА төрағасы Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен ҚХА-ның ХХХІ сессиясы өз жұмысын бастады.

Сессияда бірнеше азамат сөз алып, жаңа Қазақстан жағдайында ҚХА-ын заман талабына сай жаңғырту туралы ойларын ортаға салды.

Сессия соңында мемлекет басшысы, ҚХА төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы маңызды баяндама жасады әрі сессия жұмысын қорытындылады.

«Біз барлық жоспарымызды міндетті түрде жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз!», – деді Президент Қ.К. Тоқаев.

Сондай-ақ Президент  қазақстандықтарды келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Ораза айт мерекесімен құттықтады.

ҚР Президенті  Қ.К. Тоқаев Ата заңға өзгерістер енгізу үшін референдум өткізуді ұсынамын деді.

 

«Конституцияға түбегейлі сипаттағы және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін өзгерістер енгізу бастамасын көтердім. Біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшіп жатырмыз. Мұндай сапалы ауысуды екінші республика деуге болады.

Жұмыс тобы негізгі заңның 33-бабына түзетулер дайындады. Ал бұл – бүкіл Конституцияның үштен бірі. Аталған өзгерістерді енгізу туралы заң жобасы Конституциялық кеңеске берілді. Жуырда шешім шығарады», – деді Президент.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілдің аудиториясына да тоқталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілдің аудиториясына да тоқталды.

«Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде, қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – жағымды, оң үрдіс. Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы адам құқықтары мен жастар мәселесіне де етене араласуы керек деді.

Сессия жұмысына республиканың барлық өңірлерінен арнайы делегаттар және 600 этнос өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Елорда төрінде дүркіреп өткен  ХХХ және ХХХІ сессияларына Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ассамблея мүшесі Дүкен Мәсімханұлы да қатысты.

 

 

 

Мемлекет басшысының фотосы Ақорда сайтынан алынды: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kazakstan-halky-assambleyasy-atynan-usynylatyn-mazhilis-deputatyn-saylauga-katysty-283388?fbclid=IwAR1_vwzO3lVVqdCnJu2UNDNvXuPmcfe8Z6SXRZUw4-GGZqpEcSIAS_mBlk8

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/