Әзірбайжан сапары туралы

972

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты бас директорының орынбасары, экономика ғылымдарының докторы Ғ.М. Дүйсен мен бас ғылыми қызметкер, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Д.А. Айтжанова Әзірбайжан Республикасы Баку қаласына жұмыс сапармен барды (2022 ж. 10-18 мамыр). Жүзеге асырылып жатқан «Шығыс елдерінде өңірлік қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру және ынтымақтастықты дамыту контексіндегі Қазақстанның сыртқы саясаты» атты бағдарламалы-мақсатты жобаның жоспарына сәйкес Әзірбайжан мен Қазақстан арасында ғылыми ынтымақтастық пен екі жақты байланыстарды кеңейту бойынша келісімдер жасалды. Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясына қарасты қоғамдық-гуманитарлық бейіндегі ғылыми мекемелермен ынтамақтастық орнатылды.
Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы КСРО Халық комиссарлар кеңесінің № 131 қаулысымен 1945 ж. 23 қаңтарда құрылған. Академияның тұңғыш президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Әзірбайжандағы медициналық білім және ғылымның негізін қалаушы Миркасимов Мир Асадулла Мир Алескер оглы болды.
Іссапар барысында Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы З. Буниятов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті, профессор Говхар Бахшалиева ханыммен ынтымақтастық туралы Меморандум жасалып, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының негізгі ғылыми бағыттары, жүзеге асып жатқан жобалары туралы әзірбайжан әріптестерімізге баяндап, кездесу өтті. Байланыс орнатуда көмек көрсеткен аға ғылыми қызметкер, PhD Гюляр Гафгазлыны ерекше атап өткен жөн. (https://science.gov.az/az/news/open/20836?fbclid=IwAR23DkzphFVIH9tp7XROiMe03G4jpOc-unb_MHrZA7lr0praU_3akhPO75Y).

Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы Ғылым тарихы институтының бас директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марьям Хасанқызы Сейдбейли ханыммен ынтымақтастық туралы Меморандум жасалып, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен болашақ ғылыми қатынастарды дамыту туралы әңгіме өрбіді.

Әзірбайжанның Милли Мәжіліс депутаты, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы Кавказтану институтының бас директоры, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Мұса Гасымлы мырзамен ынтымақтастық туралы Меморандум жасалып, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми бағыттары және жобалары туралы әзірбайжан әріптестеріміз хабардар етіліп, болашақ байланыстарды дамыту жайында сөз қозғалды.

Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы А.А. Бакиханов атындағы Тарих институтының бас директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Керим Карамоғлы Шукуров мырзамен ынтымақтастық туралы Меморандум жасалып, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен келешектегі ғылыми ынтымақтастықты дамыту жайында әңгімелеу өтті. Меморандумға қол қойдыру мәселелерін шешуге көмектескен халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Ирада Гурбанованы атаған орынды (https://science.gov.az/az/news/open/20881?fbclid=IwAR2ysj0oKmDktuzRVseB2oYkYoKU3b-Vl921Ur1jb1ugEECv972F6NNXWGg).

Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы Экономика институтының бас директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Назим Музафарли Иманов мырзамен ынтымақтастық туралы Меморандум жасап, болашақтағы ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы Әзірбайжан тарихының ұлттық музейінде бас директоры, академик Наиля Велиханлы ханым, музейдің атқарушы директоры, PhD, доцент Фархад Джаббаров пен халықаралық байланыстар және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Эмин Дадашев мырзалар қабылдады.

Кесдесу барысында Әзірбайжан тарихының ұлттық музейі мен Қазақстанның музейлері, ғылым және мәдениет орталықтары арасындағы көп жылғы ынтымақтастығы туралы сөз қозғалды. Болашақта екі елдің тарихы мен мәдениетіне қатысты бірлескен жобаларды жүзеге асыру һақында әңгіме өрбіді. (http://azhistorymuseum.gov.az/ru/news/3896).

Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы Ғылыми мұра бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Земфира Али кызы Гаджиева ханыммен кездесу өтіп, ынтымақтастық туралы Меморандум жасалып, келешекте екі мекеме арасындағы байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге, Әзірбайжан Республикасы Халықаралық қатынастарды талдау орталығының төрағасы, доктор Фарид Шафиевпен болашақ ынтымақтастықты дамыту жайында әңгіме өрбіді.

Қонақжайлылық танытқан күллі әзірбайжан әріптестерімізге  алғысымыз шексіз.

 

Ғ.М. Дүйсен,

экономика ғылымдарының докторы

 

https://pria.org/https://oia.umb.ac.id/https://empowerment.co.id/https://pustakailmiah.id/https://zonasultra.id/https://www.kendariaktual.com/wp-includes/site/https://himaindustri.unpam.ac.id/https://library.iainkediri.ac.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://prakerja.nusatalent.com/file/https://ejournal.insuriponorogo.ac.id/config/https://www.rsudsyamsudin.co.id/gacor/https://eproc.jawapos.co.id/adminlte/plugins/site/https://rskiasawojajar.co.id/