Белгілі ғалым Дүкен Мәсімханұлы «Ғұлама ғалым – киелі кітап» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

915

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы  Талғар мемлекеттік жоғары медициналық колледжінде өткен «Ғұлама ғалым – киелі кітап» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференция Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабына арналған.

«Шипагерлік баян» 1994 ж. төте жазумен Үрімшіде (Қытай), 1996 ж. Алматыда «Жалын» баспасында қазақ тілінде басылып шықты.

Д. Мәсімханұлы «Шипагерлік баянды» төте жазудан кириллицаға аударған авторлардың бірі.

Конференцияда Д. Мәсімханұлы «Өтебойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны»: аңызы мен ақиқаты» атты тақырыпта баяндама жасады.