«Ұлы дала тарихы және мәдениеті» архивтік және визуалды материалдар көшірмелері Көрмесі салтанатты түрде ашылды.
2021 жылғы 8 қазан сағат 14:00-де ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталықтың ұйымдастыруымен Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде (Алматы қ., Көктем-3 ықш.ауд., 22/1 мекенжайында) шетел архивтерінде айқындалған «Ұлы дала тарихы және мәдениеті» архивтік және визуалды материалдар көшірмелері Көрмесі салтанатты түрде ашылды.
Көрме тарихи архивтік және визуалды материалдардың еліміздің тарихын зерделеуде құнды деректеме болатындықтан, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Көптеген ғасырлар бойы Қазақстан тарихы мен мәдениеті шығыс пен батыс өркениеттерімен тығыз байланысып, олармен әрекеттесе отырып дамыды. Ұлы дала бұрын әртүрлі оқиғаларға тартылды, сондықтан, тарих призмасы арқылы және қазіргі кезеңдегі аймақтың геосаяси үрдістерін зерделеудің өзектілігін арттыра түседі. Зерттеу қазақ мемлекеттілігі тарихын жаңғырту, сондай-ақ, қазақ халқының бірегейлігі мен тарихи-мәдени мұрасын тұтас қамтуды қалыптастыруға себепші болады. Көрменің мақсаты – ертеден бастап қазіргі заманға дейінгі қазақ мемлекеттілігі тарихының шынайы сипатын реконструкциялайтын шетелдің архивтік қорларындағы тарихи ескерткіштердің қолда бар және жаңа бірегей көшірмелерін көрсету. Көрме экспозициясы қазақ әлемін тарихи-мәдени көріністердің хронологиялық реттілігі және сан алуандылығымен танытады. Көрмеде қазақ халқы тарихы мен мәдениетіндегі аса қызықты, маңызды экспонаттар, сонымен қатар, шет елдердің (Қытай, Франция, Ұлыбритания, Швейцария, Италия, Венгрия) архивтері, қорлары мен музей жинақтарынан алынған визуалды артефактілердің көшірмелері ұсынылған. Көрмеде Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ғалымдарының генезис, тарих, Қазақстанның ерте, ортағасырлық, жаңа кезеңдегі тарихын айқындау және ғылыми пайымдауларына байланысты еңбектері ұсынылған.
Көрме аясында «Артефактілер мен архивтік құжаттардағы қазақ мемлекеттілігінің тарихы» атты халықаралық вебинар өтті. Вебинар барысында, жаңа тарихи-археологиялық және археографиялық табылымдар тұрғысынан Қазақстан мен Орталық Азия тарихын зерделеудегі жаңа әдіснамалық тәсілдерді талқыланды. Вебинарға АҚШ, Швейцария, Ұлыбритания, Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанның шығыстанушы ғалымдары, тарихшылары, антропологтары, мұрағатшылары, мұражай қызметкерлері қатысты.