“МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ АСТАНАМ!” АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

1149

Бүгін (03.07.2021) Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұйымдастыруымен Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы күні мерекесін атап өту мақсатында «Мен және менің Астанам!» атты Дөңгелек үстел Zoom платформасында онлайн түрде өтті.

Дөңгелек үстелде Институт директоры, ф.ғ.д., профессор Дүкен Мәсімханұлы құттықтау сөз сөйлеп, Елордамыздың арқа төсіне ауысуының стратегиялық маңызға ие шешім болғанына тоқталды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында әлем көз тіккен алып шаһардың бой көтергендігін тілге тиек етті. Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласында өткен 20 жыл ішінде көрген әртүрлі қызықты естеліктерін ортаға салды. Сонымен бірге, Институтымыздың ғалымдары, шығыстанушы мамандары Нұр-Сұлтан қаласымен байланысты қызықты да мазмұнды естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұйымдастыруымен Институт қызметкерлерінің 3-12 жас аралығындағы балаларының қатысуымен «Менің Астанам!» атты сурет көрмесі өтті. Жас жеткіншек балаларымыз өздерінің қиялдарынан туған тартымды да қызықты суреттері арқылы Нұр-Сұлтан қаласы күніне сыйлық жасады.

Елордамыз көркейіп, гүлдене бергей! Елімізде бейбіт те берекелі заман болсын!

Шығыстану ақпараты