ШЫҒЫСТАНУШЫ ВЕНИАМИН ПЕТРОВИЧ ЮДИНДІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ШАРА ӨТТІ

1184

Бүгін (18.06.2021) ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығы және Ұлы дала тарихы және мәдениетін зерттейтін Археографиялық қоғамдастықтың ұйымдастыруымен «Орталық Азия тарихы және мәдениеті бойынша жазба және визуалды тарихи дереккөздер: зерделеудің ахуалі және перспективалары» атты Жазғы мектеп Zoom платформасында онлайн түрде өтті.

Жазғы мектеп белгілі шығыстанушы Вениамин Петрович Юдинді еске алуға арналды. Вениамин Петрович Юдин – қазақстандық деректанудың өркендеуіне қомақты үлес қосқан, дүниежүзі ғылыми қауымдастығына есімі мәлім шығыстанушы ғалым. Ол деректану, этнонимдер этимологиясы, қазақтар мен ұйғырлардың саяси және этникалық тарихы саласында 100-ден астам ғылыми еңбек жазған. В.П. Юдиннің өмірі мен шығармашылығында Қазақстан, Орталық Азия, және онан де ауқымдырақ – Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениетін зерттеу ерекше орын алады. Оның Өтеміс қажының «Шыңғыс-наме», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихы бойынша материалдар (парсы және түркі шығармаларынан үзінділер)», «XІV-XVIII ғасырлардағы Орталық Азия шығыстанушы тұрғысынан», т.б. еңбектері бар.

Жазғы мектепке белгілі шығыстанушы ғалымдар, тарихшылар, деректанушылар мен ізденуші жас мамандар қатысты. Ғылыми шара тізгінін ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығының директоры, ҚР ҰҒА корр. мүшесі, профессор, тарих ғылымдары докторы Меруерт Қуатқызы Әбусейітова ұстады. Шара аясында Халықаралық «SHYGYS» журналының 2021/ №1-4 сандарының тұсауы кесілді.

Аталмыш ғылыми шара «Архив-2025» бағдарламасы мен «Ұлы дала тарихы және мәдениеті бойынша шетел архивтері мен қорларындағы археографиялық жұмыстар (айқындау, талдау, цифрлау)» жобасы аясында өткізілді. Ұлы дала халықтарының материалдық және материалдық емес мұрасына қатысты тарихи жазба дереккөздер, қолжазбалар, артефактілер мен басқа да материалдарды тереңінен зерттеудің орасан зор маңызы бар. «Ұлы дала тарихы және мәдениеті бойынша шетел архивтері мен қорларындағы археографиялық жұмыстар (айқындау, талдау, цифрлау)» жобасын іске асыру шеңберінде айқындалған тарихи материалдар тарихи фактілерді жаңа көзқарас тұрғысынан қабылдауға мүмкіндік береді, осылайша, ғылыми тұрғыдан да, практикалық өлшем тұрғысынан да мәдени ұқсастылық ұғымын толықтыра түседі.

Шығыстану ақпараты

 

https://pria.org/https://oia.umb.ac.id/https://empowerment.co.id/https://pustakailmiah.id/https://zonasultra.id/https://www.kendariaktual.com/wp-includes/site/https://himaindustri.unpam.ac.id/https://library.iainkediri.ac.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://prakerja.nusatalent.com/file/https://ejournal.insuriponorogo.ac.id/config/https://www.rsudsyamsudin.co.id/gacor/https://eproc.jawapos.co.id/adminlte/plugins/site/https://rskiasawojajar.co.id/