Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғалым Дүкен Мәсімханұлын туған күнімен құттықтады

1375

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қытайтанушы ғалым, ф.ғ.д., профессор, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлын туған күнімен құттықтады. Презиеденттің арнайы құттықтау хаты мен ықылас гүлін Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев табыстады.

“Бүгінде қажырлы еңбегіңіз бен талмай ізденудің нәтижесінде әдебиеттанушы ғалым, қарымды қаламгер, білікті ұстаз атанып отырсыз. Әріптестеріңіз ғылыми-зерттеу еңбектеріңізді жоғары бағалайды.

Алдағы уақытта еліміздің білім мен ғылым және рухани-мәдени салаларын дамытуға мол үлес қосып, табысты қызмет жасай беретініңізге сенім білдіремін.

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және шығармашылық табыс тілеймін” деп жазылған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында.

Қытайтанушы ғалым, ф.ғ.д., профессор Дүкен Мәсімханұлы қытайтану ғылымына көптеген зерттеу еңбектері мен танымдық-публицистикалық мақалалары арқылы үлес қосып келеді. Оның «М.Әуезов және ЛуШүн» (2007)”, «Қазақ және қытай әдебиеттері: ұлттық дәстүр мен жаңашылдық» (2010), «Еуразиялық өркениет: ежелгі түркі және қытай халықтарының рухани қарым-қатынасы» (2012), “Қытай туралы қырық сөз”, “Қазақша-Қытайша үлкен сөздік” т.б. еңбектерін айрықша атап өтеуге болады.