ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ИНСТИТУТ ҒАЛЫМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

1366
Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары мен ғылыми қызметкерлері Білім және ғылым минстрлігі тағайындаған бірқатар марапаттарға ие болды. Марапаттау рәсімі Институт қабырғасында өтті.
Марапаттарды Білім және ғылым минстрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың атынан Институт директоры, ф.ғ.д. профессор Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ табыстады және құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде, Тәуелсіздікті нығайтуда шығыстанушы ғалымдардың да еңбегі зор екенін, әсіресе, стратегиялық және саяси мәні мен маңызы айрықша шығыстану ғылымы Тәуелсіз елдің өткені мен бүгінін һәм болашағын талдап, сараптап, мемлекетке Шығыс елдері туралы ғылыми негіз әзірлеп отыруының маңызы ерекше екенін тілге тиек етті.
Белгілі шығыстанушы ғалым, ҚР ҰҒА академигі, филол.ғ.д., профессор Әбсаттар Дербісәлі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ерен еңбегі» медалімен; т.ғ.д., доцент Шайзада Жаппаровна Тохтабаева – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен;
филос.ғ.к. Еркін Ұланұлы Байдаров – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен; ҚР ҰҒА корреспондет-мүшесі, т.ғ.д., профессор Меруерт Қуатқызы Әбусейітова – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен»;Экономика ғылымдарының кандидаты Дина Әлібиқызы Айтжанова – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен»; филол.ғ.к. Гүлбахрем Максимовна Молотова – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Баршаңызға марапат құтты болсын! Еңбектерңіз жемісті, шығармашылықтарыңыз табысты бола бергей!
Материалды әзірлеп, дайындаған: Құрманғазы Жұмағұл