Ұлық мереке – Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздік – қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы. Ұлтымыз тәуелсіздік жолында қилы қиындықтарды, түрлі зұлматтарды бастан кешті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» ретінде жариялап отыр. Осы орайда, баршаңызды Егемен еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Тәуелсіз еліміздің болашағы баянды, ертеңі шұғылалы болғай! Дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс пен береке тілеймін.
Құрметпен:
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ф.ғ.д. профессор Дүкен Мәсімханұлы