ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫСТАНУ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТА ТҮСПЕК

1372

2020 жылдың 2 желтоқсанында ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ташкент мемлекеттік Шығыстану университеті өзара Ғылыми-зерттеу бағытындағы барыс-келісті нығайтатын ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Ташкент мемлекеттік Шығыстану университеті – ғасырлық тарихы бар мемлекеттік Жоғары оқу орындарының бірі. Шығыстануға арналған Азия мен Орталық Азиядағы ең көне оқу орны болып табылады.

Орталық Азиядағы шығыстануға арналған жалғыз Жоғары оқу орны саналатын Ташкент мемлекеттік Шығыстану университеті мен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты арасындағы өзара ынтымақтастық бұдан әрі нығая түседі деген сенім мол.

Р.Б. Сұлейменов атындағы Шығыстану институты ақпараты