«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

1279

Баянауыл – сан ғасырлық тарих пен мыңжылдықтар бойы қалыптасқан ғажайып табиғаттың сырлары тұнған өлке. Найзатас, Кемпіртас, Данатас, Қоңыр әулие үңгірі тағы да басқа қойнауына құпиясын жасырып, мүлгіп жатқан кербез дала мен асқақ таулар, адамзатқа әлдене деп үн қатқан бейнелі тастар. Сай-сайдан сыңғырлай аққан бұлақтар мен аспан түстес айнакөлдер, тау бауырын қымтай жауып, өрлей өскен орманы. Өсімдіктер мен жан-жануарлардың сан түрі ежелден бері мекен етіп, осы өлкенің таусылмас қазынасына айналған.

Жапония, Бельгиядан, еліміздің ғылыми әрі мәдени астанасы Алматы қаласынан келген ғалымдар тобы осы ғажайып өлкені ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жолындағы жұмыстар бойынша осы өлкенің ғажайып сырларымен, тұмса табиғатымен тереңінен танысу үшін арнайы топ құрып, Кереку жеріне табан тіреді. Экспедиция құрамында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының тарихи материалдарды зерттеу ақпараттық орталығының директоры, ЮНЕСКО «Ғылым және руханият» кафедрасының меңгерушісі ӘБУСЕЙІТОВА Меруерт Қуатқызы, Лувен Католик университетінің профессоры (Бельгия) Анна Мари ВИЛЬМЕНО, Киото Этнология ұлттық мұражайының доценті, PhD докторы (Жапония) Токо ФУДЗИМОТО, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD доктор – Жанымхан ОШАН сияқты беделді ғалымдар бар. Қонақтар алдымен облыс орталығында аялдап, Margulan Centre археологиялық орталығымен, Ертіс жағасындағы «Қазқонақ» палеонтологиялық орнымен, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейімен танысты.

 

Ертеңінде Екібастұз қаласындағы Мәжһүр Жүсіп Көпейұлының ескерткіші алдында аз аялдап, тағзым еткен экспедиция мүшелері Баянауылдағы әулиенің кесенесіне жол тартты. Экспедиция жетекшісі химия ғылымдарының докторы, профессор, ПМПУ ректоры Алтынбек НУХҰЛЫ ғалымдарға ғұлама ғалымның өмірі мен қазақ мәдениеті мен әдебиетіндегі теңдесіз орны жайлы кеңінен мағлұмат берді. Әулиенің басында құран бағыштап, бет сипаған ғалымдар тобы әрмен қарай тарихы терең мекен Теңдік өлкесіне аттанды. Теңдік ауылының тұрғындары қонақтарды ән шашумен қарсы алды. Ауылдық мектептің табалдырығын аттаған қонақтар мұражайды аралап, осы өлкенің тамыры терең тарихымен танысты.

Теңдік топырағының тумасы, қазақ тарихында аты әйгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы – Мұса Шорманұлы. 2018 жылы тарихи тұлғаның 200 жылдық мерейтойына  орай, Теңдік ауылының іргесінде Мұса Шорманұлы жерленген орынға кесене тұрғызылған болатын. Шетелдік ғалымдар үшін бұл нысанның мәдени әрі тарихи маңызы зор екендігі байқалды. Бұл жерде де Шорман әулетіне және өзге де бұрын өткен аруақтарға құран бағыштап, дұға қылды.

Экспедицияның екінші күні Қоңыр әулие үңгіріне сапарымен жалғасты. Бұл нысан Баянауылдың биік тауында орналасқан. Қоңыр әулие үңгірінің шырақшысы, өлкетанушы, шежіреші Алтынбек Құрмановтың айтуынша, үңгір күмбез бөлігі мен қазандық бөлігінен тұрады. Күмбез бөлігіне сәлем беріп, бас иіп  кірген келушілер қазандық бөлігіндегі бұлақтан дәм татады. Бұл орын ХVIII ғасырдан бастап сыйыну орыны болған. Үңгірдің айналасында бай ана, жеті ана, қаған тастары туралы аңыздардың әрқайсысының үлкен бір фольклорлық мұра ретіндегі құндылығы жоғары екендігіне ғалымдардың көзі жетті.

Баянауыл өлкесінде ықылым замандардан бері түзіліп, табиғи жолмен қалыптасқан Кемпіртас, Данатас сияқты әр түрлі бейнедегі тастарды аралап, Айманбұлақ пен Шоң бидің ескі жұртына да табан тіреген ғалымдар, Торайғыр көлінің жағасындағы «мұртты обалардың» ғажайып сырлары туралы ақпараттарға қанықты. Ал экспедицияның соңғы күні Баянауыл ауданының орталығында болып әйгілі академик, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев мұражайында болып, кемеңгер ғалымның өмірімен, теңдесіз еңбек жолымен танысып, қасиетті өлкеге сапарды аса қимастықпен аяқтады.

Жанасыл СЕРІКБОЛ

Дереккөз: https://pspu.kz/oidfguyidfuyg

https://pria.org/https://oia.umb.ac.id/https://empowerment.co.id/https://pustakailmiah.id/https://zonasultra.id/https://www.kendariaktual.com/wp-includes/site/https://himaindustri.unpam.ac.id/https://library.iainkediri.ac.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://prakerja.nusatalent.com/file/https://ejournal.insuriponorogo.ac.id/config/https://www.rsudsyamsudin.co.id/gacor/https://eproc.jawapos.co.id/adminlte/plugins/site/https://rskiasawojajar.co.id/