Архив-2025» бағдарламасы бойынша Мемлекеттік тапсырма аясында «Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті бойынша шетелдік архивтер мен қорлардағы археографиялық жұмыстар (анықтау, талдау, цифрландыру)»

1227

«Архив-2025» бағдарламасы бойынша Мемлекеттік тапсырма аясында «Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті бойынша шетелдік архивтер мен қорлардағы археографиялық жұмыстар (анықтау, талдау, цифрландыру)» жобасы бойынша төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:

1) Жазба дереккөздер мен архив материалдарын тұтастай және жүйелі зерттеу, сондай-ақ, археограф мамандарын даярлау мақсатында Археографиялық қоғамдастық құрылды. Оның мәжілістері мен оқыту семинарлары тұрақты негізде өткізілді.

2) Ұлыбритания, Франция, Италия, Ресей, Украина, Польша, Венгрияның кітапханалары мен архивтеріне археографиялық экспедициялар жүргізілді.

3) Шығыстанушылар, тарихшылар, мұрағатшылардың арнайы тобы шетел архивтері мен қорларында сақталған жаңа тарихи материалдарды тапты.

4) Жазба дереккөздер мен архив материалдары жүйеленді, каталогталды, зерделенді және талданды, каталог дайындалды.

5) Жұмыс нәтижелері ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған басылымдарда, халықаралық «SHYGYS» журналында жарияланды.

Әлемдік архивтер мен кітапханаларда жасалған жұмыс нәтижелерінің іргелі және қолданбалы сипаты бар. Олар ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар ретінде көрініс табады. Жаңадан алынған архив материалдарын кешенді зерттеу мен бұрыннан белгілі және беймәлім құжаттардағы материалдарды параллель салыстырмалы-салғастырмалы зерделеу, оларды ғылыми айналымға енгізу – Ұлы даланың ертеден бастап қазіргі уақытқа дейінгі әлеуметтік-экономикалық, саяси, сыртқы саяси және мәдени тарихының зерттелмеген парақтарын зерделеп, оны қалпына келтіруге көмектеседі.

Шығыс қолжазба тарихи еңбектерінен алынған құнды мәліметтер, сонымен қатар, археология, нумизматика, батысеуропалық, орыс архив құжаттары мен ауызша тарихнама деректері негізінде Ұлы дала өмірін тұтастай қалпына келтіруге болады. Ұлы дала тарихы мен мәдениетін зерделеуде жазба деректемелер, архив құжаттары мен артефактілердің зор маңызы осымен шартталған.

Жиналған материалдар Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша бірегей дереккөздер. Археографиялық экспедициялар жұмысының нақты нәтижелері, атап айтқанда, шығыс қолжазбалары мен архив материалдарының көшірмелері үздіксіз толықтырылып отыратын Қазақстандағы қолжазба қорының негізі болып табылады.

Шет елдердің архивтері мен қорларына археографиялық экспедициялар барысында 2019 жылы 67 манускриптілер мен қолжазбалар (24821 бет көлемінде), 30 каталог (6103 бет), архив құжаттары – 17198 бет, мұражайлардағы артефактілердің фотосурет түріндегі көшірмесі – 5068 бет, мерзімдік басылымдар – 393 (7610 бет), сирек кездесетін кітаптар – 154 (43053 бет), карталар – 32 көшірмесі сатып алынды.

 

https://pria.org/https://oia.umb.ac.id/https://empowerment.co.id/https://pustakailmiah.id/https://zonasultra.id/https://www.kendariaktual.com/wp-includes/site/https://himaindustri.unpam.ac.id/https://library.iainkediri.ac.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://prakerja.nusatalent.com/file/https://ejournal.insuriponorogo.ac.id/config/https://www.rsudsyamsudin.co.id/gacor/https://eproc.jawapos.co.id/adminlte/plugins/site/https://rskiasawojajar.co.id/