“Әбу Насыр әл-Фараби – Ұлы даланың дара перзенті” атты онлайн-кездесу өтті

1040
Әбсаттар Дербісәлі
ҚР БҒМ Ғылым комитеті Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұйымдастыруымен ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлімен Фейзбук желісінде “Адамзаттың екінші ұстазы” атанған әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына орай “Әбу Насыр әл-Фараби – ұлы даланың дара перзенті” атты онлайн-кездесу өтті.
Фейзбук желісіндегі онлайн-кездесуде шығыстанушы ғалым Әбсаттар Дербісәлі әл-Фарабитануға қалай келгендігі жөнінде естеліктермен бөлісті. Сонымен бірге, Фарабитану барысында Фараб қаласынан шыққан 30 дан астам әл-Фарабилерді тауып, зерттегендігін атап өтті. Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір жолы мен оның еңбектеріндегі таңғажайыптарға тоқталды. Қазақ қоғамына әл-Фарабидің ізгілік пен ғылымды негіз еткен ұлы мұрасы әлі күнге дейін қызмет ете беретіндігіне сенетіндігін жеткізді. Әбу Насыр әл-Фарабидің көп тіл білуі, ғылымға ынтық болуы, көптеген салалар бойынша еңбектер жазған көпжақтылығы жастарға үлгі болатындығын атады. Онлайн-кездесу соңында оқырман сұрақтарына жауап берді. Мұндай кездесулердің болып тұруы – бүгінгідей пандемия кезеңінде ауадай қажет. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты бұл игі дәстүрді жалғастырып тұрмақ.
https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/