Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында үндістандық ғалым Ахлак Ахмадпен танымдық кездесу өтті

10

2026 жылғы 24 маусымда Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында Үндістаннан арнайы шақырылған белгілі ғалым, иранист, PhD, Джавахарлал Неру университетінің Парсы және Орталық Азия зерттеулері орталығының профессоры Ахлак Ахмадпен (Akhlaque Ahmad) танымдық кездесу өтті.Кездесу барысында профессор Ахлак Ахмад Ирантану, Орталық Азияны зерттеу, аймақтық ынтымақтастық және ғылыми байланыстарды дамыту мәселелері бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, Үндістан мен Қазақстан арасындағы ғылыми-гуманитарлық байланыстарды нығайту, шығыстану саласындағы бірлескен зерттеулерді дамыту және тәжірибе алмасу бағыттары талқыланды.Іс-шараға Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының докторы Ғалымжан Мұстахимұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Қуатовна, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Жақсылық Күлекеев және институттың ғылыми қызметкерлері қатысты.

 

 

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар болашақта академиялық байланыстарды кеңейтуге және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты халықаралық ғылыми серіктестікті дамытуға және әлемнің жетекші зерттеушілерімен өзара тәжірибе алмасуға бағытталған жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

slot danahttps://cefta.int/