Батыс Қазақстан облысының XVIII-XIX ғасырлардағы арабографиялық жәдігерлері: эпиграфиялық, генеалогиялық және мұрағаттық деректемелерді салыстырмалы-салғастырмалы зерделеу

933

Зерттеудің өзектілігі. Алдындағы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде бірегей материалдарды: тарихи тұлғалар – хандар, сұлтандар, олардың отбасы мен ұрпақтары туралы, мемлекет қайраткерлері – старшындар, билер, бай-манаптар, аудармашылар туралы, дін қайраткерлері – мударристер, моллалар, қажылар туралы және сауда-саттық саласының өкілдері туралы мәліметтер қамтылған эпитафиялар, архивтік және генеалогиялық құжаттарды табуға және жинауға мүмкіндік туды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі, яғни, эпиграфикалық ескерткіштердің зерттеу нысанасына алынған бөлігінен анықталған нақтылы мәліметтер Бөкей Ордасы тарихын, Жантөре хан билігі мен басқа да құрылымдарды жаңаша тереңірек әрі кең ауқымда тани түсуімізге зор мүмкіндік тудырады. Жаңадан табылған мәліметтер белгісіз тарихи есімдердің, мемлекет қайраткерлерінің, хан-сұлтандар мен билердің өміртарихын жаңғыртуға және жергілікті әлеумет басшылары ретінде олардың қызметін өзара байланыста жіті қарауға мүмкіндік береді. Ұсынып отырған жобада эпиграфикалық ескеткіштер мәліметтері – архивтік арабжазулы құжаттар, мешіт журналдары, шежіре мен ауызша тарихнамалардан алынған деректермен қатар алғаш рет пайдаланылады.
Әдістемесі. Зерттеудің әдістемелік негізі ел тарихының отарланған кезеңі жөніндегі мәліметтерді тарихи-филологиялық, палеографиялық, хронологиялық, тарихи-географиялық және этно-лингвистикалық тұрғыда салыстыра талдаудағы пәнаралық тәсілді қолдану болып табылады. Сонымен қатар, тарих ғылымының эвристика, текстология, палеография, кодикология, дипломатика, эпиграфика, генеалогия, топонимика, ономастика сияқты қосымша пәндерінің арнайы әдістері қолданылатын болады.
Күтілетін нәтижелер. Ғылыми айналымға жаңа арабжазулы дереккөздерді енгізу және оларды белгілі ресми мәліметтермен салыстыра зерттеудің арқасында тарихи үрдістердің толық картинасы қайта өңделетін болады; Қазақстанның тәуелсіздігі жолында қызмет еткен тарихи тұлғалар мен қаһармандардың, Бөкей ордасы мен басқа құрылымдардағы мемлекет қайраткерлері – хан-сұлтандар, батырлар мен билер және олардың ортасы, айналасындағылардың өмірбаяндары қалпына келтіріледі; хан билігі мемлекеттік құрылымының жұмыс істеу механизмі қалпына келтіріледі; білім беру жүйесін, шарушалық-экономикалық өмірді жаңаша ұйымдастыру бойынша реформалар мен жобалар қалпына келтіріледі; Қытай мен Ресей арасындағы халықаралық сауданы іске асырудағы бұл әкімшілік құрылымның рөлі анықталады; «ағартушылық» исламды құру жөніндегі үрдістер мен тарихи өмірдегі тұлғалардың рөлі зерттеледі.
Жоба нәтижесі қорытынды есеп және мақала түрінде шетелдік рецензияланушы журналдарда: Journal of the Economic and Social History of the Orient (Brill), «Золотоордынское обозрение» (Қазан, Ресей), және ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми журналдарда (Хабаршы, Хабарлары) басылады.
Жобаның мақсаты мен міндеті: Эпиграфикалық, генеалогиялық және архивтік дереккөздерді ғылыми айналымға енгізу және оларды белгілі ресми мәліметтермен салыстыра зерттеу арқылы жергілікті билік қызметінің құрылымын, механизмі мен түрін анықтау. Осы қойылған мақсатқа орай мындай міндеттер анықталды:
– БҚО аудандарында далалық зерттеулер өткізу арқылы жаңа мәліметтер жинастыру;
– эпиграфикалық ескерткіштер мен генеалогиялық дереккөздердің мәліметтеріне синхронды архивтік құжаттарды табу және зерттеу;
– эпиграфика, арабжазулы құжаттар, мешіт журналдары (реестрлері), генеалогия мен ауызша тарихнама мәліметтерін салыстырып зерттеу;
– есімі белгісіз болып келген тарихи тұлғалардың, мемлекет қайраткерлерінің, хандар, сұлтандар, батыр, билердің өмірбаянын қалпына келтіру;

https://pria.org/https://oia.umb.ac.id/https://empowerment.co.id/https://pustakailmiah.id/https://zonasultra.id/https://www.kendariaktual.com/wp-includes/site/https://himaindustri.unpam.ac.id/https://library.iainkediri.ac.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://prakerja.nusatalent.com/file/https://ejournal.insuriponorogo.ac.id/config/https://www.rsudsyamsudin.co.id/gacor/https://eproc.jawapos.co.id/adminlte/plugins/site/https://rskiasawojajar.co.id/