ЕЛОРДАДА “НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЖАҺАНДЫҚ АУҚЫМДАҒЫ САЯСАТКЕР” АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

1076

Елордада Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған “Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер” атты халықаралық конференция аралас форматта (онлайн және офлайн) өтті. Мерекелік шараны ҚР президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Сыртқы істер министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.

Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Елбасымен әр жылдарда әлемдік саясатта істес болған Пан Ги Мун, Тони Блэр, Кондолиза Райс, Абдулла Гүл, Жак Аттали сынды шетелдік саясаткерлер қатысып, Елбасы туралы жылы лебіздерін білдірді. Олар Тұңғыш Президенттің сындарлы кезеңдегі сарабдал саясатын сөз етті. Сондай-ақ, Елбасының Қазақстан экономикасы мен рухани әлемінің күлденіп, көркеюіне қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Сонымен бірге, Алматы қаласынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР Ғылым академиясы Президенті, х.ғ.д. профессор, ҚР ҰҒА академигі Мұрат Жұрынов, Вице-президент – бас ғылыми хатшы, ҚР ҰҒА академигі Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы, ҚР ҰҒА академигі Досым Сүлеев, ҚР ҰҒА академигі Қайыролла Дүйсенбайұлы Рахмиов, ҰҒА академигі Елешев Рақымжан Елешұлы, ҚР ҰҒА академигі Базарбаева Зейнеп Муслимовна, ҚР ҰҒА корреспондет-мүшесі Бижанов Ақан Құсайынұлы, ҚР ҰҒА корреспондет-мүшесі Абылқасымова Алма Есімбековна, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутының директоры, ф.ғ.д. ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Мамытжанов Кенжехан, ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ф.ғ.д. профессор Дүкен Мәсімханұлы қатарлы ғалымдар онлайн форматта қатысты.

Шарада Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Елбасының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ерлікке пара-пар көреген саясатын тілге тиек етті. Әсіресе, қабырғасы қақыраған кеңестік жүйеден шығып, тәуелсіздігін жариялап, әлемдік аренада жалауын желбіреткен Қазақстанның бүгінгі бет-бейнесі – Елбасының еңбегі екеніне тоқталды. Ол өз сөзінде: “Нұрсұлтан Әбішұлының жасампаздық пен жаңашылдықты тоғыстарған осындай аса маңызды шешімдерін еліміздің сыртқы саясатынан да байқауға болады. Әсіресе, Елбасының жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал еткен бастамаларын ерекше атап өткен жөн. Бұл ретте Тұңғыш Президентіміздің саясаты мен бастамалары күш пен қаруға емес, керісінше, парасат пен пайымға, диалог пен сенімге арқа сүйеді. Өркениетаралық және дінаралық келісімге басымдық берді. Сол арқылы әлемді алаңдатқан мәселелерді шешуге өз үлесін қосты” деді.

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/https://indolivestock.com/