«Қазақстан Республикасы және Орталық Азия елдері сыртқы саясатының көпвекторлылығы мен қауіпсіздігі»

984

«Қазақстан Республикасы және Орталық Азия елдері сыртқы саясатының көп векторлылығы мен қауіпсіздігі» атты ғылыми пәнаралық бағдарламаны ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Бірінші Президент Қоры жанындағы Дүниежүзілік экономика және саясат институты іске асырады. Бағдарламаның ғылыми жетекшісі – Дүйсен Ғ.М., ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директорының орынбасары. Осы бағдарламаны атқаруға арналған ғылыми критерийлерге сәйкес келетін бас және жетекші ғылыми қызметкерлер орындаушылар болып табылады.

2. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан Республикасы (әрі қарай – ҚР) және Орталық Азия елдері (әрі қарай – ОА) сыртқы саясатының көпвекторлылығы мен қауіпсіздігінің теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу. Бағдарламаның идеясы –аталған елдердің жүйелі байланыстарын, саяси, экономикалық және ұлттық қауіпсіздігінің тиімділігін қамтамасыздандыруды, олардың көпвекторлы саясат конфигурациясын белгілеуді зерделеу, жаһандық және аймақтық дәрежеде геосаяси жағдайдың өзгерулеріне байланысты тәуекелдерін айқындауда болып отыр.

3. Бағдарламаның міндеттері:
1. Халықаралық экономика мен саясат, шетелдік тарихнама, еларалық әлеуметтік-мәдени және этносаралық әрекеттестік саласындағы тұжырымдамаларды талдау негізінде ҚР мен ОА елдерінің сыртқы саясатын жүргізу кезіндегі көпвекторлылығы мен қауіпсіздігін зерделеуде әдіснамалық тәсілдерді әзірлеу.
2. Бір жағынан РФ мен ҚХР, екінші жағынан АҚШ пен олардың одақтастары болатын жаһандық қарсы тұруының үдеуі жағдайында, қазіргі кезеңдегі ҚР мен ОА елдері және Каспий аймағының қауіпсіздік факторларын зерделеу. ҚР мен ОА елдері қауіпсіздігі мәселелерін қазіргі заманның қауіп-қатерлері және жаһандық сын-тегеуріндерін ескере отырып, ішкі және сыртқы саясат, экономика, мәдениет салалары тұрғысынан қарастыру ұйғарылуда.
3. Заманауи әлемдік шаруашылық жүйесі қызметінің үрдістері мен ерекшеліктерін айқындау негізінде, ҚР мен ОА елдерінің экономикалық даму алғышарттарына баға беру. Дүниежүзілік қоғамдастық елдерінің сыртқы экономикалық қызметінің жемісті тәжірибесін есепке ала отырып, Қазақстанның ОА елдеріне қатысты көпвекторлы және қауіпсіз саясатын жетілдіретін мүмкіндіктерін айқындау. Отандық экономиканың мүмкіндіктері негізінде Қазақстанның көпвекторлы және қауіпсіз сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу.
4. Қалыптасқан экономикалық, геосаяси және өркениеттік форматтағы реалияларды есепке ала отырып, Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО), Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Келісімшарт Ұйымы (ҰҚКҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Азиялық Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі (АИИБ) тәрізді аймақтық және халықаралық құрылымдардың бірлесуі негізінде ҚР мен ОА елдерінің екі- және көпжақты саяси және экономикалық байланыстары мәселесін зерделеу.
5. РФ мен ҚХР тәрізді жетекші экономикалық серіктестердің экономикасын, ынтымақтастық пен өзара тәуелділіктерін қарастыру. Бұл мәселелер басқа елдермен ынтымақтастық контексінде қарастырылып, соған байланысты, ҚР мен ОА елдері үшін тиімді көпвекторлы саясат пен одақтастық міндеттемелері тұрғысынан ізденіс және таңдау басым болып табылады.
6. ОА елдерінің қарым-қатынастарындағы ынтымақтастық әлеуеті мен бар проблемаларды еңсеруді түсіну үшін, олардың қарым-қатынастары мәселелерін тарихи, экономикалық, саяси және мәдени-өркениеттік аспектілері тұрғысынан қарастыру.
7. Ресей мен Қытайдың тарихи реконструкциялау және геосаяси мүдделері тұрғысынан, империялық және кеңес заманын тұтас алғанда, Қазақстан, Шығыс Түркістан мен ОА отарлау ерекшеліктері мәселелерін зерттеу. Посткеңестік ОА тарихи, этникалық және мәдени тұрғыдар тығыз байланысқан, Қазақстан және басқа да орталықазиялық республикалармен шекаралас Синьцзян (СҰАР), ОА субаймағындағы Қытайдың жүргізетін саяастын қарастыру. Өзге этникалық, өркениеттік және мәдени типті жергілікті халыққа қатысты Қытайдың аумақтарды игеру саясаты және этникалық саясатын зерделеу. СҰАР-дың әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, этномәдени, экологиялық жағдайына кешенді талдау жүргізу.
8. РФ мен ҚХР геосаяси альянсы проблемаларын зерделеу. Осы елдер қатынастарының ұзақ мерзімділігін түсіну үшін, экономикалық және әскери әлеуетіне, олардың мақсаттары мен қайшылықтарына салыстырмалы талдау жасау.
9. Діни фактордың Қазақстан мен ОА елдерінің аймақтық және ұлттық қауіпсіздігіне әсерінің ерекшеліктерін айқындау. Бағдарламаны орындау барысында, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің аймақтық және ұлттық қауіпсіздігі этно-діни фактордың ерекшеліктерін айқындау ұйғарылуда.

Бағдарламаның ғылыми жаңашылдығы және маңыздылығы
Дүниежүзілік көсемдік үшін болып жатқан қайшылықтар әлемдік экономиканың жетекші драйверлерінің бірі болып отырған Азия елдері мен Қытай ықпалының өсімін, жаһандық экономика мен саясаттағы өзгерістерін көрсетеді. Шикізат тәуелділігінен арылу мен олардың экономикаларын жаңғырту жолында ізденіп жатқан ҚР мен ОА елдері үшін осы мәселелердің көкейтесті маңызы бар. Ресурстық шартталуды еңсеру мәселелері орасан зор әдебиет ауқымын зерделеу мен оны жүйелеуде, теориялық жіктеу мен тарихнамалық деректер банкін жасауда жаңа тәсілдердің қолдануын талап етеді.
Мәселелердің басқа тобы әлем мен басқа да аймақтардағы (гео-) саяси жағдайдың ушығуымен байланысты және олар тарихи реконструкциялардың маңызы зор болатын әртүрлі формалар мен конструкциялардан орын алды.
Жаһандық сипаттағы дүниежүзілік экономика мәселелеріне Питер Нолан/Peter Nolan, Дж.Штиглиц/ Joseph E. Stiglitz, М. Чандлер/Marc Chandler, П. Волкер/Paul Volcker, С. Роч/Stephen Roach, Дж. Розенберг/Justin Rosenberg, М. Штегер/ Manfred B. Steger, П. Стернс/Peter N. Stearns, Х. Джеймс/Harold James, Ф. Адамс/ F. Gerard Adams, Дж. Эгню/ John Agnew, Д. Блюм/Douglas W. Blum, Т. Бреннан/Teresa Brennan және басқалары [1-17] тәрізді белгілі мамандардың жұмыстары арналған.
Жетекші экономистердің жұмыстарында үдемелі аймақтандыру мен жаһандық үрдістерге, әлеуметтік проблемалардың өсіміне байланысты мәселелерден бастап жаһандандырудың әрқилы аспектілері ұсынылған. Жаһандандырудың әлеуметтік салдары әлемдік экономика институттары саясатының тиімділігі (ХВҚ, Дүниежүзілік Банк және т.б.), өзгерген әлемдегі жетекші партиялар мен элита саясаты мәселелерін алға қойып, әлеуметтік жағдайлардың нашарлауы ретінде, АҚШ пен Еуропадағы популистік қозғалыстардың өсімінен көрінді. Осы мәселелердің ҚР мен ОА елдері үшін үлкен теориялық және практикалық маңызы бар.
Қазіргі кезде, Қазақстан мен ОА елдері шетелдік мамандардың, оның ішінде, геосаясат бойынша мамандардың зерттеу объектісі болып отыр. Ресей империясының ішінара ыдырауы империялық типологияны зерделеу мен оны жаңарту объектісіне айналды, мәселен, француз маманы Г. Мартинэ-Гро /G. Martinez-Gros [18] жұмыстары. ОА-ға ықпал жасау мен оны зерделеу Дж. Никол / Jim Nichol [19], Д. Л. Смит / Diane L. Smith [20], А. Кулей / Alexander Cooley [21] тәрізді шетел зерттеушілерінің зерделеу объектілеріне айналды. Онан басқа, авторлар осы елдердің постотарлық тарихы мәселелерін ОА елдері тұрғысынан маңызды болатын мәселелерді қарастырады: экономикаларының ерекшеліктері, этникалық және конфессиялық проблемалары, ОА елдері арасындағы қатынастар проблемасы.
Азиялық экономикалардың өсімі, бірінші кезекте, АҚШ-тың экономикалық және технологиялық көптеген параметрлерін қуып жеткен Қытай әлемнің екінші экономикасы болып, олардың әлемдік саясат пен экономикадағы рөлін көтерді. Әлемдегі Қытайдың экономикалық экспансиясы, барлық континенттерге жайылатын оның геосаяси менмендігінің өсімімен қосталады, үдемелі сыртқы саяси белсенділігі мен әскери әлеуетінің барлық құрамдастарының өсімі Х. Макиндердің теорияларына иллюстрация бола алады.
ҚХР экономикалық, саяси және әскери тұрғыдан АҚШ-тың басты оппоненті. Осы мәселелерге көптеген мамандардың жұмысы арналған, мысалы: Д. Шоэн /Douglas E. Schoen [22], П. Нолан/ Peter Nolan [23-24], П. Франкопан/ Peter Frankopan [25], Б. Ло/ Bobo Lo [26], Дж. Дайер/ Geoff Dyer [29], К.И. Беквиз/ Christopher I. Beckwith [30], , С. Чан/Stephen Chang [31], К. Галлагхер и Р. Порзегански/ Kevin P. Gallagher and Roberto Porzeganski [32], Д. Шамбаугх/ David Shambaugh [33], Р. Макгрегор/ Richard Mcgregor [34], Г. Киссинджер/Henry Kissinger [35], М. Пиллсбери/ Michael Pillsbury [36], Э. Бурман/ Edward Burman [37], Билл Хейтон/ Bill Hayton [38], а также Р. С. Нельсон/ Raymond C. Nelson [39].
Әдістері зерттеушілерге де, практиктерге де теориялық және практикалық ықылас білдіретін Экономикалық Ынтымақтастық пен Даму Ұйымының (ЭЫДҰ/OECD), Дүниежүзілік Банктің/World Bank, Халықаралық Валюталық Қордың (ХВҚ/ IMF) ООН/ UNO Институттарының және т.б. аналитикалық баяндамаларының зор зерттеушілік пайдасы бар.
ҚР мен ОА елдерінің РФ пен ҚХР қатынастарының мәселесі осы аймақтағы табиғи, ең бастысы – энергетикалық ресурстардың болуының геосаяси маңыздылығы қатты назар аудартады. Бұл аймақ жетекші дүниежүзілік державалардың, әсіресе, РФ, Қытай, АҚШ-тың геосаяси мүдделері қақтығысқан жер болды, өйткені, олардың әрқайсысы әртүрлі формада қатысып, өз мүдделерінің қамын ойлайды.
ҚР мен ОА елдері көпжақты және екі жақты келісімшарттар шеңберінде РФ мен ҚХР тығыз байланысқан. РФ мен ҚХР да, ҚР мен ОА елдері үшін де геосаяси аспект үстем болуда, өйткені, екі держава да әртүрлі, оның ішінде, тарихи аргументтерді алға тарта отырып, осы аймаққа ықпал жасауға ұмтылуда. Бұрынғы КСРО елдеріндегі РФ саясаты мен оның идеологтарының тарихи реконструкциясына қарап, оған айрықша зейін қоюды қажет етеді және оның маңызды теориялық және практикалық пайдасы мол. Осы мәселелерді зерттеудің жаңашылдығы ОА елдеріне қатысты РФ саясатындағы тарихи және идеологиялық конструкцияларды қарастырып, іске асыруда болып отыр.
ҚР мен ОА елдері үшін дүниежүзілік көсемдік жолындағы күрес мәселесінің маңызды ғылыми және практикалық пайдасы бар. Осы қатынастардың сипаты мен олардың келешегі шетелдік зерттеушілердің қалт жібермейтін объектісі болып табылады, мәселен, Дуглас Ф. Шоэн/ Douglas E. Schoen және М. Кайлан/ Melik Kaylan [22] мен басқа да америкалық зерттеушілердің жұмыстарында, олардың экономикаларының салыстырымсыздығы мен экономикалық басымшылықтары, сондай-ақ, КХР-ның Ресейге алып келетін экономикалық және демографиялық экспансиясының қаупі себепті, оларда осы альянстың конъюнктуралылығы мәселесі қолға алынған. Зерттеудің жаңашылдығы экономикаларында ҚХР қатысуы арта түскен ҚР мен ОА елдеріндегі нәтижелері тұрғысынан осы мәселелерді қарастыруда болып отыр.
Болжалды ғылыми-тәжірибелік сипаттағы зерттеу негізінде, Қазақстан Республикасының мүдделі биліктегі мемлекеттік органдар, ведомстволар мен қоғамдық ұйымдарға арналған ұсынымдар мен ұсыныстар дайындалады. Сонымен қатар, зерттеу материалдары саяси, тарихи және экономикалық пәндер бойынша оқу курстарын дайындауда пайдаланылуы мүмкін.

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/https://indolivestock.com/https://dompetalquran.or.id/