“АБАЙ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ӘЛЕМІ” АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

1054
Кеше, 03 желтоқсанда (2020) халқымыздың кемеңгер тұлғасы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған “Абай және шығыс әлемі” атты дөңгелек үстел онлайн форматта өтті. Шараны Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті бірлесіп ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге еліміздегі абайтанушы, шығыстанушы ғалымдар, студенттер мен магистранттар қатысты. Мәнді де мағыналы шарада ұлы ақын Абайдың шығыстың рухани әлемімен үндестігі мәселесі сөз болды.
Дөңгелек үстелді Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ф.ғ.д. профессор Дүкен Мәсімханұлы жүргізіп отырды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті деканы, PhD Ықтияр Молдатөреұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “Тұран-Иран” орталығының директоры, ф.ғ.д. профессор Ислам Жеменей, Абайтанушы, филос.ғ.к. Асан Омаров, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ғалия Қамбарбекова, Pars Today ақпарат сайтының тілші-аудармашысы, Абай шығармашылығының парсы жеріндегі насихаттаушысы Гаухар Омарбекова, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының “Ежелгі әдебиет және түркология” бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Төрәлі Қыдыр, шығыстанушы, PhD Болатбек Батырхан қатарлы абайтанушы, шығыстанушылар баяндама жасап, өздерінің құнды көзқарастарымен бөлісті.