«Ұлы аналар ұлағаты» атты әдеби кеш өтті

897

Бүгін А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана мен «Қызай ана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аталмыш кітапханада «Ұлы аналар ұлағаты» атты әдеби кеш өтті.  Кештің қадірлі қонағы белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш әдеби сыйлығының лауретаты – Шәрбану Қонақбайқызы Бейсенова болды.

Осы кештің аясында Шәрбану Қонақбайқызы авторы болып табылатын «Ұлы дала арулары» атты үлкен жоба бойынша жарық көрген «Ұрпағына ұран болған аналар» атты  кітаптың тұсаукесері өтті. Кітапқа ел тарихында есімі ерекше аталып келген аяулы аналарымыздың, ару қыздарымыздың ұлтқа үлгі, ұрпаққа өнеге болатын іс-әрекеттері туралы танымдық жазбалар енгізілген.

 

Кеште Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, ф.ғ.д., профессор Д. Мәсімханұлы, «Қызай ана» қоғамдық қорының төрағасы, т.ғ.д., профессор Н. Мұхақамеханұлы, кеш қонағы Ш. Бейсенова, және т.б.  сөз сөйледі.

Әдеби кешке магистранттар, доктаранттар және Алматы қаласының зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

 

 

https://www.pria.org/https://tjs.udsm.ac.tz/https://terc.lpem.org/https://cefta.int/https://upb.iainkendari.ac.id/https://www.cihanturkhotel.com/https://indolivestock.com/https://icrcnewsroom.org/https://nemkv.cz/https://grupovisabeira.com/