Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры Д. Мәсімханұлының Жапонияға іссапары

306

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филол.ғ.д. Д. Мәсімханұлының Жапонияға іссапары 26.10.-08.11.2024 күндері аралығында, жалпы, он жұмыс күніне жоспарланды.

Сапар мақсаты:

  • Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қарым-қатынас ауқымын ұлғайту;
  • отандық шығыстану ғылымына тың серпін беру;
  • қазақстандық шығыстанушы ғалымдар мен шығыстанушы жас мамандарға жаңа өріс ашу;
  • т.б.

27 қазан. Институтымыздың бас директоры Д. Мәсімханұлы жексенбілік демалысты пайдаланып, Токио қаласындағы Император сарайы, “Аспан ағашы” (Токиодағы жаңа телемұнара, биіктігі 600 метр), тарихи будда храмы қатарлы екі-үш  әйгілі нысанды экскурсиялады.

Д. Мәсімханұлының Күншығыс еліндегі алғашқы жұмыс күні (28 қазан) Жапония мемлекеттік «Шығыс архиві» (東洋文庫)мекемесі Ғылыми-зерттеу орталығының меңгерушісі, доктор, профессор Хамашита Такеши мырзаның жетекшілігімен, Орталық Азия елдерін және түркологиялық зерттеулермен айналысатын бірнеше ғалымдармен кездесіп, сұхбат құрудан басталды.

 

Кездесу ерекше бір жылы шырайлы жағдайда өтті. Сондай-ақ, «Шығыс архиві» Ғылыми-зерттеу орталығы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен әріптестік байланыс орнатуға ықыласты екендіктерін жеткізді.

Сол күні (28 қазан), түстен кейін, Д. Мәсімханұлы Токио университетінде (東京大學) болып, Токио университеті Орталық кітапханасының жанындағы Азиялық зерттеулер орталығының меңгерушісі, профессор Кауахара Яйой ханымның жетекшілігімен, орталықтың ғылыми қызметкерлерімен кездесу өткізді.

10 миллионнан астам кітап және қолжазба қоры бар кітапханада Орталық Азия халықтарының арғы-бергі тарихы мен мәдениетіне қатысты, өте мол, баға жетпес тарихи кітаптар мен қолжазбалар сақталған.

Институтымыздың бас директоры осы құнды мұралар мен деректерге қол жеткізу үшін өзара ынтымақтастық орнату мақсатымен келіп отырғанын жеткізді. Профессор Кауара Яйой ханым бұл ұсынысты ыстық ықыласпен қабыл алды.

29 қазан күні (сейсенбі) Васеда университеті (早稲田大学 Waseda University), Гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу орталығының директоры, гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, профессор Шоджи Нишимура мырзамен кездесу өткізіп, ынтымақтастық байланыс орнату туралы келіссөздер жүргізілді. Бұл ұсынысымызға Шоджи Нишимура да ерекше ықылас танытты.

30 қазан күні (сәрсенбі) іссапар Токио Шет тілдерді зерттеу университетінде (東京外国語大学 Tokyo University of Foreign Studies) жалғасты.

Сағат 14.30-да Азия және Африка тілдері мен мәдениеттерін зерттеу институтының директоры, профессор Нобуаки Кондо мырзамен кездесу өткізіліп, онда екі жақты әріптестік байланыс мәселелері талқыланды. Алдағы уақытта келісім-шарт мәтіндерін алмасу, оның мазмұнын пысықтау, ең соңында, ресми түрде кездесіп, қол қоюға уағдаластық жасалды.

Сол күні, сағат 16.30-да, Азия және Африка тілдері мен мәдениеттерін зерттеу институтының ғылыми қызметкерлермен семинар-кездесу болды. Кездесуге Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдениетін зерттейтін, әйгілі түрколог ғалымдардан: профессор Муцуми Сугавара, доцент Шизуо Шимада, доцент Акира Кимура, қазақ ғалымы, профессор Дүйсенәлі Әбіләшім, Жин Нода т.б. қатысып отырды.

Д. Мәсімханұлы 31 қазан күні, түстен кейін, Уако университеті трансмәдениеттану ғылыми-зерттеу департаментінің және бейнелеу факультетінің профессоры Сакай Хироки мырзамен кездесу өткізді. Сакай мырза қазақ-жапон фольклорын, оның ішінде, екі халықтың эпостық жырларын салғастыра зерттеу саласында өте өнімді жұмыс істеп жүрген ғалым.

Осы Сакай Хироки мырза мен жоғарыда аталған Токио Шет тілдер университетінің профессоры Жин Нода екеуі қазақ тілін өте жақсы меңгерген ғалымдар. Екеуінің де жұмыс кабинетіндегі жеке кітапханасында қазақ, түрік, өзбек, қырғыз, ұйғыр, татар, түрікмен, әзірбайжан тілдеріндегі әдебиеттер сықасып тұр. Бас директор Сакай мырзамен де ынтымақтастық, әріптестік орнату туралы ұсыныстарымен бөлісті. Алдағы уақытта әріптестік туралы келісімдерге жол ашылатын болды.

2 қараша күні таңертең Д. Мәсімханұлы Токиодағы іссапарын аяқтап, Киото қаласына барды. Онда Д. Мәсімханұлын Жапония Рицумейкан университетінің профессоры Кайхэ Айсингиоро мырза күтіп алды.

Бұл күні сенбі болғанымен, түстен кейін сағат 14:00-де,  Киото университетінде Д. Мәсімханұлының сапарына орай, алдын-ала арнайы халықаралық конференция ұйымдастырылған болатын.

Конференцияның атауы: «Қытайдың өмір салты мен мәдениетінің интеллектуалды тарихы» деп аталады.

Ұйымдастырушы: Киото Университетінің Гуманитарлық ғылымдарды зерттеу институты.

Конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен 50-ге жуық шығыстануы, синолог-ғалымдар оффлайн/онлайн форматта қатысып баяндама жасады.

Жұмыс тілі: жапон, ағылшын, қытай тілдері.

Д. Мәсімханұлы өз кезегінде қытай тілінде  ОТАНДЫҚ ШЫҒЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫ: ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ» және  «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАПОНТАНУ ҒЫЛЫМЫ: ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»  атты екі баяндама жасады.

Профессор Кайхэ Айсингиоро мырза «ЦИН ӘУЛЕТІ КЕЗІНДЕГІ МАНЬЧЖУР АҚСҮЙЕКТЕРІ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ДАОСИЗМ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС» деген тақырыпта баяндама жасады.

Ал 4 қараша  (дүйсенбі) күні, Д. Мәсімханұлының Киото қаласы Рицумейкан Университетіне жасаған сапарына орай, Рицумейкан Университеті Кинугаса ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен халықаралық ғылыми семинар өтті.

Семинар тақырыбы: «Жапониядағы түркітану: өткені, бүгіні және болашағы»

Семинардың қысқаша бағдарламасы:

10:00  Қонақтарды тіркеу.

10:30  Конференцияның басталуы.

10:50 Профессор Дүкен Мәсімханұлының «Әлемдік геосаясат және Орталық Азия елдеріндегі жаңа бетбұрыс» атты баяндамасымен таныстыру.

11:15 Мәсімханұлының баяндамасын талқылау.

11:25 Хоккайдо Университетінің профессоры Томохико Уяма баяндама жасайды.

«Жапониядағы ортаазиялық зерттеулер: қазақ зерттеулеріне назар аудару».

11:50 Профессор Томохико Уяманың баяндамасының мазмұнын талқылау.

12:00 Қысқа үзіліс.

12:10 Кинугаса Ғылыми-Зерттеу Институтының ғылыми қызметкері, профессор Кайхэ Айсингиора «Орталық Азия татарлары мен Солтүстік-Шығыс Азия юрхендерінің тамақ мәдениеті тұрғысынан байланысы» тақырыбында баяндама жасайды.

12:35 Профессор Кайхэның баяндамасын талқылау.

12: 45 Түскі үзіліс.

13:45 Профессор Дүкен Мәсімханұлы «Қазақстандағы шығыстану ғылымы: миссиясы, тарихы және бүгіні» тақырыбында баяндама жасайды.

14:20 «Қазақстандағы шығыстану ғылымы: миссиясы, тарихы және бүгіні» тақырыбы бойынша  пікірталас.

14:30 Кинугаса Ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, профессор  Кайхэның «Жошы ұлысы мен Жошының бақсылық сенімдері» тақырыбында баяндама жасайды.

14:55  Профессор Кайхэның   баяндамасын талқылау.

15:05 Қысқа үзіліс.

15:15 Профессор Дүкен Мәсімханұлы «Қазақстандағы Жапонтану ғылымы: тарихы, бүгіні және болашағы» тақырыбында баяндама жасайды.

15:40 «Қазақстандағы жапонтану ғылымы: тарихы, бүгіні және болашағы» тақырыбындағы пікірталас.

15:50 Кинугаса Ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, профессор Кайхэ  «Орталық Азиядағы Қарақытайдың геосаяси мұрасы» атты баяндама жасайды.

16:15 Профессор Кайхэнің баяндамасы туралы пікірталас.

16:25 Қорытынды сөз.

Бағдарламада көрсетілген жиын белгіленген сағат-минутымен жылжып отырып, өзінің діттеген мәресіне жетті.

Семинарға Жапонияның және өзге де шет елдердің ғалымдары оффлайн/онлайн форматта қатысып отырды. Талқылаулар да қызықты, тартысты өтті. Аталған халықаралық семинар баяндамаларды мұқият тыңдаған, егжей-тегжейлі талқылаған шын мәніндегі ғылыми семинар болды.

5 қараша күні Киото Университетінің Гуманитарлық ғылымдарды зерттеу институтының басшылығымен;

6 қараша күні Рицумейкан Университеті Кинугаса Ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен өзара барыс-келіс, әріптестік байланыс орнату туралы пікір алмасулар өтті.

Д. Мәсімханұлы 7 қараша күні қаладағы музейлерді, тарихи орындарды тамашалап, іссапарды сәтті аяқтап, кешкі уақытта Осака әуежайынан Пекинге, Пекиннен Алматыға – Елге оралды.

https://www.pria.org/https://tjs.udsm.ac.tz/https://terc.lpem.org/https://cefta.int/https://upb.iainkendari.ac.id/https://www.cihanturkhotel.com/https://indolivestock.com/https://icrcnewsroom.org/https://nemkv.cz/https://grupovisabeira.com/