ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС ЖЕР-АНАҒА ОРТАҚ

663

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтында көпшілікті әрдайым толғандырып жүрген көкейкесті мәселеге орай басқосу өтті. Алқалы пікірталастың тақырыбы: «Бірлік пен әртүрлілік тұрғысынан Шығыс пен Батыс мәдениетінің диалогы: «Көне заман. Орта ғасыр. Жаңа және қазіргі уақыт»  атты халықаралық ғылыми конференция. 

Диалогты ұйымдастырушылар ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты мен  Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, «Санкт-Петербург Кәсіподақтар гуманитарлық университеті» атты  мемлекеттік емес білім мекемесінің Алматыдағы филиалы жанындағы Антиктану орталығы, М.П.Мусоргский атындағы Урал Мемлекеттік консерваториясы (Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласы).

Жиынды Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, саясаттану  ғылымының докторы, профессор Ақан Бижанов ашып, жүргізіп отырды. Қазіргі таңда мемлекетіміздің өркендеп, қоғам дамуының алға басуына орай өмірімізде материалдық және рухани үйлесімді қалыптастыру аса маңызды. Осыған орай қазақстандық қоғамды рухани  жеделдетудің заңды қажеттілігі туындап отыр. Бұл тұрғыда Қазақстан халқының технология, экономика саласында, ақпараттың сан алуан мәдени, рухани және тарихи, философиялық дәстүрлеріне сай бірлігін қалыптастыру қажет. Батыс пен Шығыс арасындағы диалогты жүзеге асыру ғаламды танып-білудің философиялық-қоғамдық рухани  өміріне байланысты  өрбиді.

– Батыс пен Шығыс диалогы бүгін ғана көтеріліп отырған жоқ,  ол бұрыннан да бар мәселе. Ол  ежелгі екі империя – Қытайдың Цин империясы мен Рим империясы арасында да болған. Ұлы Жібек жолы сол өркениеттің көрінісі. Ол кезде Америка болмаған. Бүгінде ақпарат құралдарына көз жүгіртсеңіз, қазіргі жағдай күрделі. Осы орайда Қазақстан мен Орталық Азия елдері өз таңдауын жасап, бір жағына шығуы керек. Саяси тұрғыда келсек, батысқа бет бұрудамыз. Жалпы, «5+1» деген не? Ол Орталық Азия мен Америка дейді кей сарапшылар. Ал біз Ресейдің ежелгі көршісіміз. Көршіні ешкіммен, ешқашан айырбастай алмаймыз. Біз үшін  «5+1» деген Қазақстан мен Орталық Азия және Ресей деп көрсетер едім. Өткен ХХ ғасыр өте ауыр кезең болды. Бір ғасырда талай зобалаң бастан өтті. Содан сабақ алуымыз керек. Ал мына  үстіміздегі ғасырда сондай қиын кезеңдердің бетін аулақ етсін. Мен «3+1» дегенді айтар едім:  Ол Ресей– Қытай–Америка және Қазақстан мен Орталық Азия. Біз болашақтан нені күтеміз? Бізге ежелгі жақын көрші керек пе, жоқ әлде алыстағы, мұхиттың арғы жағындағы  ел керек пе, осыны жақсы ойлауымыз керек. Философ-ғалымдар бұл мәселені зерттесін, – дейді конференөцияға қатысқан қоғам қайраткері, ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов.

– Батыс пен Шығыс мың жылдан бері текетіресіп келеді. Олардың арасында сан рет өзара диалогтар өтті. Бүгінгі басқосу дәстүрлі кездесу. Батыс пен Шығыс өркениеті, қазіргі таңдағы өзара диалогы Қазақстанның рухани жаңғыруына жол ашуы тиіс. Батыс пен Шығыс дәуірі жаңа үрдістерді дамытуға мүмкіндік береді, – деді шығыстанушы ғалым, Р.Б.Сүлейөменов атындағы Шығыстану институтыөның директоры Әбсаттар қажы Дербісәлі.

Ал өз кезегінде «Санкт-Петербург Кәсіподақтар гуманитарлық университеті» атты жоғары кәсіби білім мемлекеттік емес мекемесінің Алматыдағы филиалы жанындағы Антиктану орталығының өкілі, ғалым М.Әбішев:

– Батыс та  емес, Шығыс та емес,  Жер-Ананың ортақ екі ұлы бар. Міне, осы екі өркениет өзара тіл табысуы тиіс. Аймақтық, саяси, экономикалық әрқилы көзқарас өзара келісімге келуі шарт. Қазіргі әлемдегі текетірес асқынып тұр. Мәдеөниеттің жақындасуы, өзара ықпалдастық адамзатты ілгері дамытуы тиіс, – деген ойын ортаға салды.

Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің диалогы күрделі тақырып және аумақтық орналасуы, дүниені тану әдістері мен тәсілдері, құндылық және дүниетанымөдық бағдарлануы, қоғамдық-экономиөкалық және саяси институттарының қызметі, мәдени өмір мен материалдық құндылықтар саласындағы қатынастар ерекшелігіне байланысты біржақты, бір мағыналы шешімі болмайды. Екінші жағынан, бұл – өз дамуының ерекшеөліктеріне қарамастан, бір-бірін үйлесімді толықтыратын адамзат мәдениетінің екі тармағы, сан алуан құндылықтар мен менталитеттері қатар өмір сүретін ортақ дүниежүзілік мәдениетті түзеді.

Конференция Шығыс пен Батыс мәдеөниеттерінің диалогында бұл тақыөрыпты олардың ерекшеліктері тұрғысыөнан ғана емес, бір-біріне өзара ықпал ету тұрғысынан қарастыруға үндейді. Осы мақсатта Қазақстан, сондай-ақ, Шығыс пен Батыс өркениетөтерінің тарихи тағдыры контексінде, қазақстандық және шетелдік зерттеулерөдің нәтижесін жүйелеуге талпыныс жасалып отыр.

Сондықтан да конференция алдына қойып отырған  ауқымды мәселелер мен талқыланатын проблемалардың түп-төркіні де өзекті: Қазақстан кеңістігіндегі мәдениеттердің шығыстық және батысөтық тұжырымдамаларының диалогы: ерте заманнан қазіргі уақытқа дейін;  Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің өзара қатыөнастары тарихындағы дінаралық диалог мәселелері; Көне заман, орта ғасыр, жаңа және қазіргі уақыттағы Шығыс пен Батыс: мәдениеттердің бірлігі; Шығыс өркениетінің мәні мен ерекшеліктері: көне заман, орта ғасыр, жаңа және қазіргі уақыт; Батыс өркениетінің мәні мен ерекшеліктері: антик заманынан қазіргі кезге дейін.

Конференцияға белгілі отандық және шетелдік ғалым-философтар, саясаттануөшылар, дінтанушылар, тарихшылар, мәдеөөниет және білім саласының қызөметкерлері және басқалар қатысты.

С.ҚОРАЛАСОВ

Дереккөз: http://almaty-akshamy.kz/shy-y-s-pen-baty-s-zher-ana-a-orta/