ЖАС ҒАЛЫМДАР САММИТІ

56
Бүгін Астана қаласында ғылым күніне орай «Жас ғалымдар саммиті» өтіп жатыр.
Жас ғалымдар саммиті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлының алғысөзімен ресми ашылды.
Жас ғалымдар саммиті – ғылымның түрлі салаларындағы Қазақстанны дарынды жас ғалымдарының басын қосатын жыл сайынғы шара. Іс-шара идеялар алмасу, ғылыми-технологиялық жобалар бойынша ынтымақтастық және елдегі ғылымның дамуына мүдделер мен көзқарастарды талқылау алаңыболып табылады.
Саммиттің негізгі мақсаты – жас ғалымдардың өзара іс-қимылын ынталандыру, оларға әртүрлі пәндер бойынша тәжірибе және білім алмасуына мүмкіндік беру.
Аталған іс-шарада саясаттану ғылымындағы PhD Жақсылық Сәбитов, химия ғылымындағы PhD Иван Трусов, физика ғылымындағы PhD Әлия Әлжанова, физика ғылымындағы PhD Нұрхат Жақиев т.б. сөз сөйледі.
Жас ғалымдар саммитіне Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері, жас ғалым Kuralay Kurmanbayeva Смағұлқызы қатысуда.