Магистратура мен докторантураға түсушілер назарына!

611

Құрметті талапкер!

Егер Сізде бакалавр дипломы болса және болашағыңызды шығыстану саласымен байланыстырғыңыз келсе, онда 2022-2023 оқу жылында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бірлескен білім беру бағдарламасы аясында төмендегі білім беру бағдарламасы бойынша магистратура және докторантураға оқуға келіңіз:

  1. 8D02212 – Классикалық шығыстану (Ғылым Ордасы).
    2. 7М02221 – Заманауи шығыстану (Ғылым Ордасы).

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының магистратурасы мен докторантурасы

2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым мен білімді интеграциялаудың жаңа жобасын бастады. «Ғылым ордасы» кешенінде жұмыс жасайтын ғылыми-зерттеу институттары ғылыми-педагогикалық біліктілігі жоғары дәрежелі кадрларды тікелей даярлауды бастады.

2022 жылдың 2 ақпанында магистратура мен докторантураға арналған бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру туралы Білім және ғылым министрлігі 19 ғылыми-зерттеу институты арасында жаңа Бас келісімге қол қойылды.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану ғылыми-зерттеу институтының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлескен білім беру бағдарламасына  қабылдау тәртібі – жоғары оқу орындарына қабылдаудың жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Оқу мемлекеттік білім гранттары есебінен жүзеге асады.

Бағдарламаның артықшылықтары:

– ғылыми дайындықпен білім берудің іргелі сипаты өзара байланыста қарастырылған;

– Институттың таңдаулы ғалымдары, отандық шығыстану ғылымның алдыңғы сапында тұрған танымал доктор, профессорлары дәріс оқиды;

– Институтта дәрістер мен ғылыми-зерттеу практикасын өткізу;

– ғылыми жетекшімен бірге Институттың ғылыми жобалары мен бағдарламаларын іске асыруға қатысу;

– оқу бағдарламасын аяқтағаннан кейін Институтта қалып жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған.