2023 жылдың 23-30 сәуір аралығында ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, ф.ғ.д., профессор Д. Мәсімханұлы, институттың бас ғылыми қызметкері т.ғ.д., профессор Н. Мұқаметханұлы, институтың жетекші ғылыми қызметкері, г.ғ.к., профессор Қ. Сарқытқан. институттың жетекші ғылыми қызметкері, филос.ғ.к., профессор Е.Ұ.Байдаров  және институттың қоғаммен байланыс жөніндегі маманы А.Д. Тұрлығожаевалар Өзбекстан Республикасының Ташкент, Самарқанд қалаларында жұмыс сапарымен болды.

Іс-сапар жүзеге асырылып жатқан гранттық ғылыми жобаның жоспарына сәйкес Өзбектсан Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасында Шығыстану бағытындағы ғылыми ынтамақтастық пен екіжақты байланысты нығайту барысында бірнеше университеттер, ғылыми-зерттеу орталықтарымен бірқатар маңызды келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

25 сәуір күні Қазақстандық делегация Өзбекстандағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі – Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінде өткен «Мырза Ұлықбек – ұлы ойшыл-ғалым және мемлекет қайраткері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Д. Мәсімханұлы құттықтау сөз сөйледі.  Конференцияның пленарлық отырысының соңында Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті мен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты арасында ғылыми ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды.

Сол күні түстен кейін Өзбекстандағы Әлеуметтік және саяси ғылымдар институты мен «Білім керуені» мемлекеттік емес ғылыми мекемесі бірлесіп өткізген «Орталық Азиядағы геосаяси процесстер: Ресей мен Қытай саясатының мысалында» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ғалымдар, студенттер мен магистранттар қатысты. Дөңгелек үстелді институт ректоры У.Б. Махмудов жүргізіп отырды. Өзбекстанға белгілі шығыстанушы-тарихшы, т.ғ.д., профессор Ахат Ходжаев, доктор Ф. Толипов, Н. Умаровалар (аналитик) тақырыпқа сай баяндамалар жасады.

Аталған дөңгелек үстелге арнайы қонақ ретінде қатыстқан Д. Мәсімханұлы «Қытайдың Орталық Азиядағы геосаяси процестерге әсері» деген тақырыпта баяндама оқыды. Н. Мұқаметханұлы мен Д. Мәсімханұлы дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

26 сәуір күні Ташкент қаласындағы Орталық Азия халықаралық институтында кездесу өтті.  Орталық Азия халықаралық институты  2020 жылы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен құрылған Орталық Азиядағы өркениетті әртүрлілік пен қазіргі заманғы тұрақты даму процестерін пәнаралық зерттеумен айналысатын өңірдегі жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады.

Орталық Азия халықаралық институтының директоры В.И. Норов бастаған өзбек ғалымдары мен Д. Мәсімханұлы бастаған Р.Б. Сүлейменов атындағы  Шығыстану институтының ғалымдары екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықты тереңдету, бірлескен ғылыми жобалар дайындау, бірлескен ғылыми журнал шығару сияқты бірқатар мәселелерді талқылады.

Өз кезегінде Шығыстану институтының директоры Д. Мәсімханұлы жылы кездесу үшін институт басшылығына алғысын білдіріп, қазақ пен өзбек – ерте заманнан бері достығы мығым, сыйластығы жарасқан туысқан халықтар. Екі елдің салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі, діні, ділі бір, тарихы ұқсас, тағдырлас елдер екенімізді атап өтті. «Бауырлас екі елдің тарихын зерттеуге екі ел  ғалымдары бірлесіп аянбау еңбек етуіміз керек» деді.

Тараптар осы келіссөздер негізінде екі институт арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

27 сәуір күні делегация мүшелері Самарқанд қаласындағы Имам Бухари атындағы Халықаралық ғылыми-зерттеу институтында өткен «Орта Азияның мәдениеті мен тарихын зерттеудегі қазақ және өзбек зерттек көздері» деген тақырыптағы халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстелге Самарқандтағы ғылыми зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары, орталық қызметкерлері қатысты.

Орталық директоры, ф.ғ.д., профессор Шовосил Зиодов дөңгелек үстелді ашып, ғалымдармен таныстырды. Шығыстану институтының директоры Д. Мәсімханұлы да өз кезегінде қазақстандық делегация құрамымен таныстырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту барысында осындай жиындардың өтуі маңызды екеніне тоқталып, ғалымдармен танысқанына қуанышты екенін жеткізді.

Д. Мәсімханұлы «Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасы: тарихы, бүгіні және келешегі» атты тақырыпта, Профессор Н. Мұқаметханұлы «Қытайдағы ұлттарды зерттеуге қатысты маңызды құжаттар» деген тақырыпта,  Орталық директоры, профессор Ш. Зиодов «Орталық Азия мәдениеті мен тарихын зерттеудегі кітапханалардың рөлі» деген тақырыпта, өзбек ғалымы, PhD М. Амонов «Зарапшан жазиарсында жазылған сопылық тарихына қатысты дереккөздер» деген тақырыптаға баяндама жасады.

Баяндамалардан кейін Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Имам Бухари атындағы Халықаралық ғылыми-зерттеу институты арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

28 сәуір күні тағы бір маңызды кездесу Самарқанд мемлекеттік шет тілдер институтының Шығыстану факультетінде өтті.

Шығыстану факультетінің деканы, ғылым докторы Д. Жураев Шығыстану институтының делегациясына факультетті таныстырып, оқытушы ғалымдарымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Екі институт ғалымдары болашақта жас мамандар, ғылыми кадрлар дайындау бағытында бірлесіп жұмыс істеу туралы ойларын ортаға салды.

Іс-сапар барысында делегация құрамы Ташкент (Төле би кесенесі, Кокилдаш медресесі, Шейха Ховенди ат-Тахурк кесенесі т.б.) және Самарқанд (Әмір Темір кесенесі, Регистан, Бибі ханым кесенесі т.б.)  қалаларындағы тарихи орындарды аралады.

 

         Өзбекстан Республикасында өткен 7 күндік іс-сапар өте нәтижелі де табысты болды деп толық сеніммен айтуға болады.

 

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану

институтының ақпарат орталығы