ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МЕН Р.Б. СҮЛЕЙМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ АРАСЫНДА ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

865

Ғылым мен білімді интеграциялаудың жобасы басталған 2014 жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты осы бағдарлама аясында 5 мамандық, атап айтқанда «Шығыстану», «Түркітану», «Тарих» және «Аймақтану» мамандықтары бойынша докторанттар мен магистранттар даярланды және бұл іс үздіксіз жалғасын тауып келеді.

Білім беру бағдарламаларының мақсаты – институт базасында классикалық және заманауи шығыстану саласында жоғары оқу орнының бакалавр бағдарламасын бітірген жас маманды заман ағымына сай, жоғары білікті кәсіби маман етіп даярлау. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында шығыстанушы мамандарды кешенді дайындауға арналған бірегей зерттеу базасы қалыптасқан. «Ғылым ордасы» ғылыми-зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бірлескен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік білім беру гранты бойынша 2014-2022 жылдары аралығында  «6M020900 – Шығыстану» мамандығы бойынша 18 магистр, 6М050500 – «Аймақтану» мамандығы бойынша 2 магистр, жалпы 20 магистр мен «Шығыстану», «Түркітану» және «Тарих» мамандықтары бойынша 15 докторант білім беру бағдарламасын толық аяқтады. Олардың ішінде 3 докторант докторлық диссертациясын сәтті қорғады. «Шығыстану» мамандығы бойынша PhD докторы атағын алған А.М. Муратбекова, Ш.Н. Сауданбекова, А.А. Жумабаева сияқты осы бағдарламаны аяқтаған жас ғалымдар ғылым және білім саласында белсенді еңбек етіп жүр.

2022 жылдың ақпан айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен Бас келісімге қол қойылған кейінгі уақыт аралығында Университет пен Институт арасында бірлескен іс-шаралар жандандана түсті. Бірлескен семинарлар мен конференциялар өткізілді. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты университеттердің, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің кәсіби, дипломалды практикаларын және магистранттар мен PhD докторанттардың институт базасында ғылыми-зерттеу, ғылыми тағылымдамадан өту жұмыстарын үйлестіріп келеді. Практиканттарға шығыстану саласындағы іргелі теориялық-әдістемелік зерттеулер жүргізуге білім, дағды, біліктілік қалыптастыру, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мобильділік пен кәсіби біліктілікті нығайту мақсатында бірнеше ғылымдармен (тарих, философия, мәдениеттану, әлеуметтану т.б) сабақтастыра зерттеу тәсілдерін қалыптастыру, жетілдіру, ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Жоба, ғылыми жұмыс есебі, реферат, мақала сияқты ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижесінің формасын әзірлеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту, өзектілігі мен алынған қорытындысын нақтылауға дағдыландыру жұмыстары үйретіп, ғылыми мақалалардың стилін үйретуге, машықтандыруға бағыттайды. Диссертация жазу құрылымы мен әзірлеудің әдіс-тәсілдерін меңгертеді.

Қазіргі уақытта Институтта «Ғылым ордасы» ғылыми-зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бірлескен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Шығыстану» мамандығы бойынша 7 докторант білім алуда. Осы бағдарлама аясында шығыстанушы ғалымдардың жаңа буынын тәрбиелей отырып, жоғары білікті мамандар даярлау одан әрі жалғасатына  сенім мол.

Б.Ш. Батырхан

ҚазҰУ-нің доценті м.а

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD

https://pria.org/https://oia.umb.ac.id/https://empowerment.co.id/https://pustakailmiah.id/https://zonasultra.id/https://www.kendariaktual.com/wp-includes/site/https://himaindustri.unpam.ac.id/https://library.iainkediri.ac.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://prakerja.nusatalent.com/file/https://ejournal.insuriponorogo.ac.id/config/https://www.rsudsyamsudin.co.id/gacor/https://eproc.jawapos.co.id/adminlte/plugins/site/https://rskiasawojajar.co.id/