Шығыстану институтында «Ұлы даладағы ислам өркениеті» кітабының тұсаукересері өтті

916

Бүгін (28.12.2022 ж.) Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығымен (IRCICA) бірлесіп  белгілі шығыстанушы-тарихшы ғалым Тимур Бейсембиевті еске алуға арналған халықаралық конференция материалдары жинағы – «Ұлы даладағы ислам өркениеті» кітабының тұсаукересерін өткізді.

Кітап халықаралық конференция материалдары негізінде дайындалған 50 ғылыми мақаладан тұрады. Аталмыш конференцияны Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Рамазан Бимашұлы Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен бірлесе ұйымдастыруымен Алматы қаласында 2017 жылғы наурыз айында өткізген.

«Ұлы даладағы ислам өркениеті» кітабы Стамбұл қаласында басылып шықты. Кітап үш тараудан тұрады.

Бірінші тарауға Арал-Каспи өңіріндегі ислам өркениеті ескерткіштерін зерттеу саласындағы Қазақстанның жетекші зерттеушілерінің мақалалары кірді. Бұл мақалаларда арабжазулы ескерткіштер шоғырланған жаңа орталықтарды анықтауға, есепке алуға, оларды алғаш рет зерттеуге басты назар аударылған. Ислам эпиграфиясының ескерткіштері сақталған 400-ге жуық мемориалдық және діни кешендерді анықтауға эвристикалық зерттеулер көмектесті. Мақалаларда аймақтағы ислам өркениетінің тарихы туралы осы дереккөздерді әрі қарай терең зерттеу, сақтау және жариялау тәрізді кезек күттірмес жұмыстарды жүргізу міндеттері қойылған.

Екінші тарауды Ұлы Даладағы ислам өркениеті тарихы бойынша жаңадан табылған жазбаша деректерді зерттеу туралы мақалалар құрайды. Бұл мақалаларда берілген тың материалдар ислам тарихы, археология, сфрагистика, дипломатия, фольклор және қолжазба мұралары саласын зерттеушілер үшін таптырмас дерек.

Үшінші тарауда белгілі қазақ ғалымы Тимур Қасымұлы Бейсембиев (1955–2016) айналысқан Қазақстан мен Орталық Азия тарихнамасының бірнеше бағыттары бойынша мақалалар жинақталған. Қоқан хандығының (1710–1876) тарихнамасына қатысты еңбектер ерекше маңызға ие. Кітап соңында бүкіл өмірін Ұлы Даладағы ислам өркениетінің тарихы мен мәдениеті жөніндегі жазба ескерткіштерді жинақтауға, сараптауға және зерттеуге арнаған доктор Бейсембиевтің бай архивінің сипаттамалары ұсынылған.

«Ұлы даладағы ислам өркениеті» кітабының тұсауы кесіліп,  Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу республикалық ақпараттық орталықтың директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі М.Қ. Әбусейітова, Ислам ынтымақтастығы Ұйымы (ОИС) жанындағы Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) бас директоры, профессор, доктор М.Е. Кылыч, ҚР Сенатының депутаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Б.Т. Жұмағұлов, Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетінің теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының профессоры, филол.ғ.д., Ж.Н. Жүнісова, Ислам ынтымақтастығы Ұйымы (ОИС) жанындағы Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) бас директорының бағдарламалар жөніндегі кеңесшісі, т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Муминов, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Ұйғыртану орталығының жетекшісі, т.ғ.д., профессор Р.У. Каримова, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері Г.М. Молотова, Халықаралық Түркі академиясының аға сарапшысы, PhD Н. Базылхан, әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры,  т.ғ.к., Г.К. Муканова, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, филос.,ғ.к., Е.Ұ. Байдаров, т.б. ғалымдар Тимур Қасымұлы Бейсембиевтің ғылымға қосқан зор үлесі мен адамгершілік келбеті жайлы естеліктерімен бөлісті.

Тұсаукесердің соңында шараға қатысушылар жыл сайын «Тимур Бейсембиев оқуларын» өткізіп тұру туралы шешім қабылдады.

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/