Шанхай жаһандық басқару және аймақтық зерттеулер академиясымен ынтымақтастық

516

Бүгін Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында Шанхай жаһандық басқару және аймақтық зерттеулер академиясының атқарушы директоры, халықаралық қатынастар және аймақтану факультетінің профессоры Ян Ченг қонақта болды.

Шығыстану институты бас директоры филол.ғ.д, профессор Д. Мәсімханұлы еңбек демалысында болуына байланысты ғылым жөніндегі орынбасары, э.ғ.д., доцент Ғ.М. Дүйсен мен  Шанхай жаһандық басқару және аймақтық зерттеулер академиясының профессоры Ян Ченг ғылыми-зерттеу қызметтестігі бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

 

Осы Меморандум аясында тараптар  келешекте магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми-зерттеу практикасы, академиялық кеңестер және симпозиумдар ұйымдарстыру, мамандар мен студенттерді  тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тәрізді көптеген бірлескен игілікті шараларды іске асыруға уағдаласты.

Сондай-ақ, Шығыстану институтының ғалымдары Ғ.М. Дүйсен, Е.Ұ. Байдаров және Қ.І. Масабаев қонақтарды Шығыстану институтының тыныс-тіршілігімен таныстырып, ғалымдардың кітаптарын сыйға тартты.