ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ САЛАДАҒЫ ӘРІПТЕСТІГІ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

699

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, ф.ғ.д., профессор Д. Мәсімханұлы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты стратегиялық зерттеу орталығы ретінде құрылған Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлур мырзамен кездесті.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының негізгі міндеті – жалпы Еуразия аймағына, оның ішінде түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтарға қатысты тың зерттеулер жүргізу және стратегиялық ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Суат Бейлур мырзаны институт директоры Шығыстану институтының тыныс-тіршілігі, атқарылып жатқан жұмыстар және  ғылыми жобаларымен кеңінен таныстырды. Бүгінде, Институт Қазақстанның шығыстану саласындағы ірі ғылыми-зерттеу орталығы болып табылатынын атап өтті.

Екі жақты кездесу барысында келешекте екі ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп, бауырлас түркі елдеріне ортақ жобалар жасау туралы кеңінен сөз қозғалды.

Өз кезегінде Суат Бейлур мырзада Еуразия ғылыми-зерттеу институтынан жұмысымен және институтта шығып жатқан басылымдармен таныстырып, әрі олардың бірсыпырасын Шығыстану институтына тарту етті. Сорлардың ішіндегі шоқтығы биігі – «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш»  еңбегінің І-ІІ томдары болды.

Институт директоры Д. Мәсімханұлы  осындай іргелі ғылыми зерттеу институтының болашақта бірге ғылыми зерттеулер жасауға ынта білдіргені үшін алғысын білдіріп, институттың жанынан шығатын басылымдарды сыйға тартты.