ҚР ҒЖБМ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты 2022 ж. 28 қазанда «Орталық Азияның зияткерлік тарихы контекстіндегі түркі ренессансы (X–XVI ғғ.)» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Конференция осы тақырыпта орындалып жатқан ғылыми жоба аясында ұйымдастырылып, ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Ұйғыртану орталығының жетекшісі, т.ғ.д., профессор, жоба жетекшісі Р.У. Каримованың 70 жылдығына арналады.

Конференцияға қатысуға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, ЖОО оқытушылары, мамандар, докторанттар, магистранттар шақырылады.

Конференция тақырыбы шығыстанудың өзекті бағыттарын, сондай-ақ Орталық Азияның тарихы мен мәдениетін зерттеудегі жаңа жетістіктерді қарастыруға арналған.

Өткізу формасы: оффлайн / онлайн форматта.

Негізгі ғылыми бағыттары:

  • Ежелгі түркі дәуірі: тарихи-мәдени мұра;
  • Түркі ренессансы – ортағасырлық түркі мемлекеттілігі мен мәдениетінің гүлденуі;
  • Орта ғасырдағы түркі ойшылдары-философиялық, экономикалық, мәдени идеялар;
  • Түркі ренессанс дәуірінің әлемдік мәдени мұраға қосқан үлесі.

 

Конференцияда «Орталық Азияның зияткерлік тарихы контекстіндегі түркі ренессансы (X–XVI ғғ.)» ұжымдық монография мен Р.У. Каримованың «Орталық Азияның өркениеттік үдерістеріндегі Шығыс Түркістанның ортағасырлық қалалары» монографиясы таныстырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция 2022 ж., жұма, 28 қазан, сағат 10.00 де Алматы қ., Гоголь к-сі, 127/1, «Казжол» қонақ үйінде өтеді. Тіркеудің басталуы – 9. 30

ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІМІ

Өтінім төменде берілген үлгіге сәйкес ресімделеді. Егер сөз сөйлеу авторлары екі (және одан да көп) адам болған жағдайда, өтінім әрбір авторға жеке ресімделеді.

 

Орталық Азияның зияткерлік тарихы контекстіндегі түркі ренессансы (X-XVI ғғ.)» халықаралық ғылыми конференция

 

Автордың тегі, аты, әкесінің аты (толық)  
Мемлекет, қала  
Жұмыс немесе оқу орны, лауазымы  
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы  
Байланыс телефоны  
E-mail  
Негізгі ғылыми бағыттың тақырыбын көрсету  
Баяндама тақырыбы  
Конференцияға қатысу формасы оффлайн;

онлайн

(керегінің астын сызу керек)

 

 

Ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 8-707-226-38-66,  8-707-690-35-31;  e-mail: khalminam@mail.ru

Өтінімдер 25 қазанға дейін қабылданады.