Үндістан елімен ынтымақтастық
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Д. Мәсімханұлы және бас директордың стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Қ.І. Масабаев ҚР Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда мәдениет орталығының директоры Санджай Веди мырзамен онлайн кездесу өткізді.
Үндістан санғасырлық тарихы бар ежелгі шығыс елдерінің бірі болғандықтан оның өте бай мәдениеті бар ел екені айдан анық. Қазақстан мен Үндістан тарихын байланыстыратын ортақтық ежелгі моңғол тайпасы барластан тарайтын, атақты Ақсақ Темірдің ұрпағы, дарынды қолбасшы Захириддин Мұхаммед Бабурдың билік құрған шақтағы қазақ хандығы мен Үндістан арасындағы өзара қарым-қатынасы.
Кездесу барысында Институт директоры Санджай Веди мырзаны Шығыстану институтында атқарылып жатқан жұмыстармен, ғылыми жобалар туралы ақпараттармен таныстырды. Шығыстану институты Қазақстанның шығыстану саласындағы ірі ғылыми-зерттеу орталығы болып табылатынын атап өтті.
Сондай-ақ болашақта Үндістандық әртүрлі қорлардың қаржылай демеушілігі болатын болса, Үндістанның тарихын, мәдениетін, әдебиетін насихаттау бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізуге және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізуге болатыны айтылды.
Институтың директоры Д. Мәсімханұлы институттың «Қазақстанның шығыстану ғылымы» ғылыми журналының бір санын екі елдің шығыстанушы ғалымдарының Үндістан туралы мақаларына арнау туралы ұсынысын жеткізді
Өз кезегінде Санджай Веди мырзада үнді елінің мәдениеті, әдебиеті, өнерін танысытыру мақсатында Шығыстану институтымен бірлесіп ғылыми жобалар жасау және конференциялар, семинарлар ұйымдастыруда бірге жұмыстар атқару туралы ұсынысты қолдайтынын және Үндістандағы шығыстану орталықтарымен байланыс орнатуға көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Болашақта Үндістан елінің шығыстанушы ғалымдары мен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты арасындағы өзара ынтымақтастық нығая түседі деген сенім мол.