Кореяның Еуразия түркітану институтымен халықаралық ынтымақтастық нығаюда

674

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану инстутының бас директоры Дүкен Мәсімханұлы Кореяның Еуразия  түркітану институтының директоры О Ынген ханыммен кездесті.

Қадірлі қонақты институт директоры Шығыстану институтының тыныс-тіршілігі, ғылыми жобаларымен кеңінен таныстырды. Бүгінде, Институт Қазақстанның шығыстану саласындағы ірі ғылыми-зерттеу орталығы болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде О Ынген ханымда институттарында атқарылып жатқан ғылыми жұмыстарға тоқталды.    Еуразия  түркітану институты Корея еліндегі туркологияны зерттейтін жалғыз институт болғандықтан, болашақта түркология бағытында институт ғалымдарымен бірлесіп ғылыми жобалар жасау туралы келісімге келді.

Екі жақты кездесу барысында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Кореяның Еуразия ғылымдары және түркология институты арасында академиялық және ғылыми зерттеулер жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ институт директоры О Ынген ханымға  әріптесттік қарым-қатынастың дамуына жол ашатын меморандумға қол қоюға ынта білдіргені үшін алғыс білдірді.