Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері ғалымдарының IV форумы

637

2022 жылғы 16-17 маусымда Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының қолдауымен Қырғыз Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына  қатысушы мемлекеттер ғалымдарының IV Форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ғылыми-техникалық ынтымақтастығын жандандыру және дамыту, ғылыми кеңістікті қалыптастыруға және кеңейтуге жәрдемдесу, іргелі ғылымның жай-күйі мен даму перспективаларын, цифрлық дәуірде перспективалық инновациялық ғылыми зерттеулерді іске асыру жолдарын талдау, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекет елдерінде білім мен ғылымды цифрландыру процесін жетілдіру болып табылады.

 

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ғалымдарының IV форумы жұмысына ҚР Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Э.Ж. Байсалов, ҚР ҰҒА президенті, академик М.С. Жұматаев, ҚР Білім және ғылым Министрінің орынбасары Ө.Э. Мәмбетақынов, ТМД Атқару Комитеті гуманитарлық ынтымақтастық, жалпы саяси және әлеуметтік мәселелер департаментінің кеңесшісі В.А. Клименко, Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы ғылыми орталарының өкілдері, ЖОО ректорлары, ҚР ҰҒА академиктері мен корреспондент-мүшелері, көрнекті ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, жас ғалымдар мен аспиранттар қатысты.

Осы алқалы жиынға қазақстандық делегацияның басшысы ретінде Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы қатысып, пленарлық жиналыста сөз сөйледі.