Р.Б. СҮЛЕЙМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ДҮКЕН МӘСІМХАНҰЛЫНЫҢ «АЗИЯ ЕУРОПА» ЖУРНАЛЫНА БЕРГЕН СҰХБАТЫ

1238

«Азия Еуропа» журналымыздың №59 санында Қытай Халық Республикаcының (ҚХР) Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінің Текес ауданында туған (1963ж.), тәуелсіздіктің алғашқы жылында (1992ж.) тарихи Отаны Қазақстанға біржола көшіп келген, содан бергі 30 жылға жуық уақыт бойына Қазақстанның ғылым-білім саласында табан аудармай қажырлы еңбек етіп, елдегі қытайтану ғылымының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан ғалым-ұстаз, қазіргі уақытта ҚР БжҒ министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Рамазан Бимашұлы Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры қызметіп атқарып отырған, қытайтанушы-ғалым, ақын, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби силығының, Шаңхай ынтымақтастық ұйымы (ШОС) «Жібек жолы: гуманитарлық ынтымақтастық» силығының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлымен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

– Құрметті Дүкен Мәсімханұлы алдымен оқырмандарымыз үшін өзіңізбен жақыннан таныссақ, білім, ғылым жолын таңдау және өмірбаяныңыз туралы айтып берсеңіз!

– Мен 1963 жылы Қытай Халық Республикасының (ҚХР) тарихи Шығыс Түркістан – қазіргі Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінің (ШҰА) Текес ауданына қарасты Ақши деген жерінде дүниеге келдім. 1982 жылы туған ауданымнан орта мектепті тәмамдап, Пекин қаласындағы Орталық ұлттар институтитутының (кейіннен университет болды – ДМ) Филология факультетіне оқуға түстім, оны 1987 жылы бітіріп, ШҰА орталығы Үрімжі қаласындағы Шыңжаң гуманитарлық ғылымдар академиясының әдебиет институтында ғылыми қызметкер болып істедім. 1991 жылы Кеңес Одағы құлап, Отанымыз Қазақстан Тәуелсіз ел болған соң, тарихи отаныма оралудың қамына кірістім. Ол кезде шетелге шығатын қытай азаматының арнайы ұлттық паспорты қалтасында болмайтын. Ал оны жасатып алу өте қиын болатын. Атамекенге деген махаббатымның арқасында барлық қиындықты еңсердім. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шақыртуымен аңсаған атамекенім Қазақстанға Алматыға көшіп келдім. Содан 1992 жылдың екінші оқу семестрінен бастап, 2002 жылға дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Шығыстану факультетінде қытай тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс бердім.

Ғылым жолына қалай келгенімді оқырманмен бөлісер болсам, алғаш еңбек жолымды академиядан бастағанымды әлгінде айттым. Қытайда ол кезде ғылыми дәреже талап етілмейтін. Сондықтан да, жастардың ғылыми дәреже алуғақызығушылығы бола бермейтін. Жоғарыда аталған академияда Қытайдағы қазақтардың аты әлемге белгілі ғалымдары: Ниғмет Мыңжани, Бұлантай Досжанин, Жақып Мырзаханов, Бексұлтан Кәсей, Нәбижан Мұқаметханұлы секілді ғалымдарға әрі шәкірт әрі іні бола жүріп ғылыми жұмыстың қыр-сырымен таныстым. Атажұртқа орналасқан соң, Қазақстандағы білім беру жүйесінің тәртібі жас мамандардан әрдайым ғылыми дәреже қорғау талап етіледі екен. Алғашында бұл талапқа аса мән бермедім. Студенттерге дәріс беріп күнімді көріп жүре берермін деп ойладым. Оған қоса, бойымда құдай берген ақындығым бар, ол да бір кәдеге жарар деген оймен жүрдім. Алайда, ҚазҰУ басшылығы тарапынан ғылыми дәреже қорғау талабы үдейтүсті. Содан көп өтпей академик Рымғали Нұрғалиға шәкірт болдым. Бірер жылдан соң ол кісінің жетекшілігімен «Қытай қазақтары поэзиясындағы ұлт-азаттық идея (ХХ ғасырдың 20-50 жылдары)» деген тақырыпта кандидаттық диссертицаия жазып, сәтті қорғадым.

Жалпы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де он жыл (1992-2002жж.) жұмыс істедім. Кафердра меңгеруші болдым, доцент атағын алдым. Ал, 2002 жылы астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің шақырытуымен бас қаламызға қоныс аудардым. 2002 жылдан 2020 жылдың 1-маусымына дейін аталған университтетте 18 жыл қызмет атқардым. Осы 18 жылдың ішінде кафедра меңгерушісі, институт директоры секілді қызметтерді атқара жүріп, шәкірттерге қытай тілі мен әдебиетінен, аударма мәселелері, қытай мәдениетінен дәріс оқыдым. Арада, 2008 жылы «Қазақ және қытай әдебиеттеріндегі ұлттық дәстүр мен жаңашылықдық (Мұхтар Әуезов пен Лу Шүн шығармалары негізінде)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғадым. Мақтанышым – шәкірттерімнің бәрі осалы емес. Олар Қазақстанның түрлі билік бұтақтарында әсіресе, Сыртқы істер министрлігінде, университеттерде, ғылыми-зерттеу институттарында жемісті қызмет етіп жүр. Отаныма оралған 30 жылдай уақыт аралығында еліміздің шығыстану ғылымы саласына бір кісідей қызмет етіп келемін.

– Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының тарихы және бүгінгі жетістігі, Сізге дейін кімдер басқарды, кімдер жұмыс істейді, осы туралы айтып берсеңіз!

– Жоғарыда да айтып өттім, мен Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директорлығына Қазақстанның Білім және ғылым министрілігі тарапынан 2020 жылдың 1-маусымына тағайындалдым. Асылында бұл мекеме маған соншалық бейтаныс емес еді. Мен бұрын да бұл ұжымдағы ғалымдардың біразымен таныс едім. Оның үстіне институтты маған дейін басқарған белгілі ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлімен Қазақстанға келген жылдан бастап жақсы қатынаста болдық. Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы боп жүргенімде ол кісі Шығыстану факультетінде деканымыз әрі Тіл және халықаралық қатынастар бойынша проректор қызметінде болатын.

Жалпы институт 1996 жылы Үкіметтің қаулысымен құрылған. Кеңес Одағы дәуірінде еліміздің шетелдермен тікелей қарым-қатынасы болмаған. Не үшін олай болғаны бәрімізге түсінікті. Ол кезде халықаралық байланыстың, шетелдермен қарым-қатынастың бәрін Мәскеу өзі шешетін. Ал, 1991 жылы 16-желтоқсанда еліміз Тәуелсіздік алған соң, әлем мұхитына өзіміздің кемеміздің алып шыққан кейін, басқа елдермен тікелей қарым-қатынас жасау керек болды. Ол күнге дейін шығыс әлемі, шығыс елдері, ислам әлемі, ислам елдері, Қиыр шығыс елдері, Оңтүстік азия елдері дегендердің бәрі де бізге жұмбақ еді. КСРО құлап жеке-жеке мемлекет болғаннан кейін әлем елдерін, оның шініде Шығыс елдерін танып білу үшін, байланыс құру үшін, олардың ұлт ретінде, мемлекеттер ретінде алдыларына қойып отырған бағыт-бағдарын, ішкі, сыртқы саясатын бақылап отыру үшін арнайы бір ғылыми орталықтың қажеттілігі туындады. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында қазіргі Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында қызмет атқарып жүрген тарих ғылымдарның докторы, профессор Р.Б.Сүлейменов аталған институттың ішінен Шығыстану бөлімін ашып, жұмысын жүргізіп жатқан екен. Көп ұзамай аталған бөлім мен Ұйғыртану институты қосылып «шығыстану институты» болып жеке шаңырақ көтереді. Кейін Р.Б.Сүлейменов құрметіне институтқа оның аты беріледі. Институттың құрылғанына биыл не бары 25 жыл болды. Тарих көші жөнінен алғанда 25 жыл көзді ашып жұмғанмен бірдей, қасқағым сәт. Адам өмірі үшін 25 жылды белгілі бір кезең деуге болады. Құрылғанына аз ғана уақыт болса да, институтымыз Орталық Азиямен ТМД елдері арасында өз орнын күреп алған, өз бағыт-бағдарын қалыптастырып үлгерген мекеме.

АҚШ-тың Пенсильвания университетінің 2019 жылдың қорытынды баяндамасында әлемдегі ең жетекші 63 ғылыми орталықтардың ішінде біздің институтымыз 43 орында екені көрсетілген. Бар болғаны 25 жылдық қана тарихы бар институт қызметінің мұхиттың арғы жағындағы халықаралық ұйымдардан бұндай жоғары баға алуы біз үшін үлкен абырой. Қазіргі уақытта институттың құрылымы қайтадан қарап, жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Институты маған дейін: 1992-1993 жылдар аралығында Рамазан Сүлейменов, 1992-1996 жылдар Ерден Қажыбек мырза, 1996-2013 Меруерт Әбусейітова ханым, 2013 жылдан 2020 жылдың 1 маусымына дейін Әбсаттар қажы Дербісәлі мырза басқарып келді.

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқығаннан кейінгі әсеріңіз және Тәуелсіздігімізді 30 жылғы қарсаңында институттың қолға алар істерімен бөліссеңіз!

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялады. Осы айтулы датаға орай, жылашар ретінде, дер кезінде, өз уақытында, әрі страгеиялық, әрі бағдарламалық «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақала жариялады. Мақалада ең әуелі Тәуелсіздік кезеңдегі әрбір кезеңге жан-жақты сараптама жасалған. Президент өз мақаласында мақаласында 30 жылды шартты түрде үш он жылға бөліп, әрбір онжылдықта атқарған істеріміз бен бағындырған белестеріміздің ғасырға жүк болатындай жетістіктермен көмкеріліп жатқанын атап өткен. Біз кейде қомағай көңілмен 1000 мылдық, 500 жылдық тарихы бар Америка және Еуропа елдерімен салыстырып, оларда бар, бізде неге жоқ деп асығыстық жасап жатамыз. Қазақта жақсы сөз бар ғой «мұсылмандық әсте-әсте» деген, соны ұмытпауымыз керек. Гималайдың шыңын бағындыру үшін оны етегінен жүріп бастау керек. Он томдық кітапты жазудың өзі әріптерді, сөйлемдерді жазудан басталатынын ескермей жатамыз. Жалпы азамзат қоғамы екі түрлі жолмен дамиды. Оның бірі революциялық жол, екіншісі, эволюциялық жол. Қоғамымыз көпэтносты және көпдінді болғандықтан, біздің таңдауымыз тек эволюциялық жол болуы ‎ керек. Көпэтностылықты, көпдінділікті біз артықшылық ретінде пайдаланып келдік, пайдалана да беруіміз қажет. Себебі, Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір этнос Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосып келеді. Соны бағалауға шақырамын. Бізге қазір тыныштық керек. Оның үстіне біз геосаяси жағынан өте сезімтал аймақтамыз. Осынау 30 жыл уақыт біз үшін өте ыңғайлы болды. Біз осы уақытты мемлекет ретінде тиімді пайдалана білдік.

Президенттің мақаласында ұлттық тарихқа жаңа көзқарас қалыптастыру өскелең ұрпаққа Тәуелсіздіктің мәнін жете түсіндіру жұмыстарымен кешенді түрде айналысу керектігі нақты айтылған. Соңғы кездері қоғамда Тәуелсіздіктің қадірін жете түсінбей, табиғи құбылыс ретінде қабылдау белең алып барады. Біз кімбіз? Қайдан келдік? Тарихымыз қандай? деген сұрақтарды ұдайы қойып, оны айтып отыруымыз керек. Сананы отарсындардыратын, отаншылықты қалыптастырарын, патриотизмді арттыратын дүниелерге көп көңіл бөлуіміз керек. Сонда біз той тойлайтын емес, ой ойлайтын халық боламыз. Президент мақаласында еліміздің дамуы мен гүлденуіне, жеріміздің тұтастығына көз алартушыларға ашық әрі нақты жауап берілген. Ауқамтық тұтастығымыз бен шекарамыздың шегенделгені туралы кесек-кесек ойларын оқып қатты риза болдым. Әсіресе Президенттің ұлттық тарихымыз туралы пайымдаулары отандық тарих ғылымының, шығыстану ғылымының мойнына үлкен міндет жүктейді деп есептеймін.

– Институттың шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелерімен ынтымақтастығы аясында ұлтымызға, мемлекетімізге қатысты қандай тарихи құнды жәдігерлерге қол жеткіздіңіздер?

– 2020 жыл адамзат тарихында «ковид 19» індетмен бірге тарихта қалды. Мен институтқа басшылыққа келген уақытында елімізде карантиннің өршіп тұрған кезі еді. Еліміздің қаншама мықты азаматтары ғалымдары, академиктері, дәрігерлері, ақын-жазушылары өмірмен қош айтысты. Халқымыздың саны онсыз да аз. Ұлан-байтақ жері бар Қазақстан әрбір адамның орны бар. Амал қанша?.. Біз сақтана жүріп, жұмысымызды жалғастыруға мәжбүр болдық. Баяғыдағыдай, ғылыми экспедицияға баруға мүмкіндік болмады. Шетелге баруға, я керісінше шетелдің ғалымдары бізге келіп жүзбе-жүз отырып, ғылыми тұжырымдарымызды ортаға қоя алмадық. Бірақ әлем бойынша мектептен бастап, мемлекет басшыларына дейін онлайн форматты қолданғанын бәріңіз білесіздер. Біз де жоспарлаған ісшараларымызды zoom платформасында өткіздік.

Институт ғалымдарының шетелдік ғылыми экспедиция жоспарлары қанша мол болғанымен жүзеге аспай қалды.

Негізінде шығыстану институтының халықаралық байланысы өте ауқымды. Атап айтқанда ЮНЕСКО ұйымы мен тығыз қарым қатынаста жұмыс істейміз. Сонымен қатар, Шығыстану институтының ғылыми зерттеулерді гранттық және бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру шеңберіндегі жобаларды орындауға қажетті халықаралық ғылыми байланыстардың кең желісі бар, атап айтқанда, Ресей ҒА Шығыстану институтымен, Санкт-Петербург Шығыс қолжазбалар институтымен, ҚХР-ның №1 тарихи мұрағатымен, Шығыс Еуропа елдерінің Ресей және Орталық Азияны зерттеу Институттарымен, Ұлыбританияның Кембридж университеті жанындағы Орталықазиялық зерттеулер Форумымен, Моңғолияның Халықаралық зерттеулер институтымен, Халықаралық Көшпелі өркениеттер институтымен, Германияның Шығыстану институтымен, Чехия ҒА Этнология институтымен, Францияның Орталық Азия зерттеулері институтымен, Сорбонна-Қазақстан институтымен, АҚШ Висконсин-Мэдисон Университетімен, Өзбекстанның Шығыстану институтымен, Тәжікстанның Тарих және шығыстану институттарымен, Бельгияның Лувэн Католик университетімен келісім-шарттарымыз бар. 2021-2023 жылдары ҚХР Гуманитарлық ғылым академиясымен, ҚХР Шаңхай университеті Шығыстану институтымен, Грузияның Шығыстану институтымен, Катардағы Джорджтаун университетінің Халықаралық және аймақтық зерттеулер орталығымен(CMRI, Доха, Катар) және Азияның стратегия мен көшбасшылық институтымен (Куала-Лумпур, Малайзия) келісім жасасу жоспарланып отыр.

Аталған елдерден Қазақстан тарихына, ғылыми айналымға қажетті дүниелерді жинап алдық.

– Уақыт бөлгеніңізге рақмет!

 

ТҮРІК ТУЫ

(Түрік жұртының ұлы перзенті М.К.Ататүріктің рухына бағыштадым)

 

Бөрі текті ер түрікпін, ағайын,

Жұлдыз – жаным, арым – анау ақ айың.

Қызыл түс пе? Қаны ғой ол бабамның.

Түрік болсаң, тұнық болсын сарайың.

Қан бұзылса, қай құдайға барайын!?

 

Ай-жұлдызды түрік туы – мақтаным,

Сен болған соң, тым күйреп те жатпадым.

Қиын кезде адассам да үйірден,

Тоныкөктің аманатын сақтадым.

Ататүрік өсиетін жаттадым.

 

Ер Оғыздың нұрға бөлеп ұлы елін,

Желбіредің Еуропада бір өзің.

Қай қиырда жүрсем дағы, Құдайдан,

Бір өзіңнің бақытыңды тіледім.

«Түрік-түрік» деп соғады жүрегім!

 

Әйгілеген тарихымның қарттығын,

Айналайын, ай-жұлдызды нарт пірім!

Өзіңменен үйіріліп ар, иман,

Өсе түспек кісілігім, мәрттігім.

Жаңғырады саған қарап салт, тілім…

 

Бөрі ұранды көк түріктің ұлымын,

Қазақ – Түрік, Түрік – Қазақ, – бір ұғым.

Айлы тудың ақ шолпаны – Қазақ та,

Көк туымның қас қыраны –Түрігім.

Сондықтан да мен білгімін, ірімін.

 

Ойхой, менің оттай қызыл киелім,

Әз басымды саған ғана иемін.

Мен сен үшін оққа төсеп кеудемді,

Мен сен үшін отқа түсем, күйемін.

Мен өзіңді арымменен сүйемін!

 

Айлы байрақ арым менің, қымбаттым,

Ар алдында арлы туға тіл қаттым.

Жаралғанда-ақ мен Көк Түрік едім ғой,

Түбінде де Түрік болып тұнбақпын.

(Уақыт шешер жауабын бұл жұмбақтың).

 

Мына бастан не бір зауыл өтті күн,

Шүкір Алла! Бүгін менің жоқ мұңым.

Маған сірә, тең келетін жау да жоқ,

Аман болса айлы байрақ, көк туым.

Беліңді тек «Ер Түрікпен!» деп буын.

 

Оян Түрік, үлкен аға, жас іні,

Көк ту – аспан! Нарт қызыл ту – жасыны.

Бірігейік тіл, діні бір бауырлар,

Мына ғасыр – Көк түріктің ғасыры. …

Бізге де кезек келді асылы!

 

ДЕРЕККӨЗ: “AziAurupa” журналы, No59, Ақпан (02) 2021

Asya-Avrupa-59

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/https://indolivestock.com/https://dompetalquran.or.id/