Павлодарда «Қоғамның рухани дамуы және Мәшһүр Жүсіптің тарихи мұрасы» атты халықаралық конференция өтті

1084

2022 жылы 29 сәуірде Павлодар қаласында ҚР БҒМ Торайғыров университетінің ұйымдастыруымен «Қоғамның рухани дамуы және Мәшһүр Жүсіптің тарихи мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысыБаянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.  Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.

Конференцияда Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Республикалық тарихи материалдарды зерттеу ақпараттық орталығының директоры,  ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Әбусейітова Меруерт Қуатқызы «Духовное историко-культурное наследие Машһур Жусип Копеева» атты тақырыпта баяндама жасады.