Шығыстану институтында Гарвард университетінің профессоры, белгілі тарихшы-шығыстанушы ғалым Нұрлан Кенжеахметпен кездесу өтті

1561

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында белгілі тарихшы-шығыстанушы ғалым, PhD, Гарвард университетінің профессоры, «Fairbank» зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Нұрлан Кенжеахметтің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Н.Мұқаметханұлы, С.Демирел атындағы университеттің профессоры Д.Әбіләшімұлы және инститиуттың ғалымдары, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Жиынды Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы жүргізіп отырды.

Д. Мәсімханұлы: «Құрметті әріптестер бүгін біздің институтта маңызды, елеулі оқиға болып отыр деп есептейміз. Себебі сонау Американың Гарвард университетінің профессоры, «Fairbank» зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, белгілі шығыстанушы әріптесіміз Нұрлан Кенжеахмет келіп отыр. Алдында «Eurasian Historical Geography as Reflected in Geographical Literature and in Maps from the 13th to the mid-17th centuries» атты бірегей ғылыми монографиясының тұсаукесеріне арналған үлкен ғылыми жиын болған. Бұл еңбегі үлкен ғалымдардан оң бағасын алып жатыр және шығыстану ғылымы үшін де елеулі уақиға.Үлкен жаңалық. Әсіресе қазақ емес, түркі емес Ежелгі Ислам әлемнің ғалымдары сызған карталар, Қытай, Еуропалық батыс картографтары жасаған карталар негізінде қазақ шекерасының қалай болғанын негіздеп беру – өте үлкен еңбек», – дей келе, ғалымға сөз кезегін берді.

 

Өз кезегінде Н. Кенжеахмет өзінің жақында шығарған монографиясына кеңінен тоқталып, қалай зерттеу жасағаны және қанша уақыт жұмсағаны туралы толықтай әңгімелеп берді.

Монографияда екі географиялық картаға ерекше назар аударылады.

«Каңнидо» – Моңғол империясы тұсында Құбылай ханның (1215-1294) жарлығымен қытай тілінде сызылған ең көне «әлем картасы». Аталмыш карта 1402 жылы Кореяда қайта көшіріліп сызылған. «Каңнидо» тура мағынасында «Тарихи Елдер мен Олардың Астаналарының Кешенді Картасы» деп аударылады. Аталмыш картаның батыс бөлігі өзінен бұрын шыққан Араб- Парсы картографтарының карталарына негізделген.

Монографияның екінші бөлімінде 15-16 ғасырлардағы Қытай мен Жерорта теңізіне дейінгі елдердің жер-суы картасы туралы тың зерттеулер жүргізілген. Автор кей ғалымдар Мэнгу шаньшуй диту (Моңғолдың жер-су картасы) деп атаса, екіншілері Силу шаньшуй ту (Жібек жолының жер-су картасы) деп атап жүрген 30 метрден асатын танымал орама картаның 15-16 ғасырлардағы мұсылман елшілерінің сапарнамасы негізінде сызылғанын дәлелдейді.

Институтың Республикалық тарихи материалдарды зерттеу ақпараттық орталығының директоры,  ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор М.Қ. Әбусейітова Н. Кенжеахметке өзінің «Қазақ хандығы» атты монографиясын сыйлады.

Сондай-ақ институттың ғалымдары мен докторанттары ғалымға өздерінің сұрақтарын қойды.

Н. Кенжеахметке институт директоры Д. Мәсімханұлы институттың атынан алғыс хат пен «Шығыстану ғылымына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыстады.

Ғибратты жиынның  соңында уақыт бөліп келгені үшін ғалымға алғыс айтылып, естелік сүретке түсті.

 

https://www.pria.org/https://tjs.udsm.ac.tz/https://terc.lpem.org/https://cefta.int/https://upb.iainkendari.ac.id/https://www.cihanturkhotel.com/https://indolivestock.com/https://icrcnewsroom.org/https://nemkv.cz/https://grupovisabeira.com/