Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты «Қазақстанның шығыстану ғылымы» журналын шығарады

770
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты 2022 жылдан бастап «Қазақстанның шығыстану ғылымы» журналын шығарады (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде 2021 жылдың 16 тамызында тіркелген, куәлік №KZ54VPY00039118). Журналда жетекші қазақстандық және шетелдік шығыстанушы ғалымдардың, тарихшылардың, филологтардың, археологтардың және т.б. ғылыми мақалалары жарияланады. Журнал институттың ресми сайтында электрондық форматта, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланып, жылына 2 нөмірі шығарылады.
Осыған орай, отандық және шетелдік ғалымдардан, докторанттар мен магистранттардан мақала жинау жүріп жатқанын хабарлаймыз. Сіздерден журналға мақала берулеріңізді өтінеміз.
Журналға ұсынылатын мақалаларға қойылатын талаптар төменде көрсетілген.
Байланыс үшін: жауапты хатшы Белгожа Е.Қ., Тұрлығожаева А.Д., телефондары 261-16-04 (ішкі ном.: 709), +77478759626, +77472808514, e-mail: kazvostok.jurnal@gmail.com