Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультетіндегі әріптестік кездесу

1282

12 сәуір ҚР Ғылым күніне орай, ғылым аптасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР БҒМ Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі қаламгер Дүкен Мәсімханұлымен кездесу болды.

Кездесуге Шығыстану факультетінің деканы, PhD Ы.М. Палтөре, Қытайтану кафедрасының меңгерушісі, PhD Е.Ә. Керімбай, тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.Н. Ким және факультет ұстаздары мен докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты.

Факультет деканы Ықтияр Молдатөреұлы жиынды ашып, кездесу қонағы Дүкен Мәсімханұлына сөз берді.

Сөз алған Дүкен Мәсімханұлы осы факультеттің негізін қалаған, дамуына, қалыптасуына ғұмырларын арнаған ғалымдар Ә.Дербісәлі, Ә.Шөпеков, К.Қожахметов, М. Мәженова, А.Қалиев, Фадли Әли, Ө. Күмісбаев т.б.  ғалымдардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялап еске алуды ұсынды.

 

Әрі қарай, Д. Мәсімханұлы Қазақстан енді ғана өз тәуелсіздігін алып жатқан 1993 жылдары КазҰУ-дің сол кездегі ректоры М. Нәрібаевтың шақыртуымен Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасына жұмысқа келіп, 2002 жылға дейін көптеген шәкірттер тәрбиелегенін, олардың қазіргі кезде Қазақстанда әр салада қызметтер атқарып жүргенін айтты.

2002 жылы Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне сол кездегі ректор М. Жолдасбековтың шақыртуымен кетіп, арада жиырма жыл өткеннен кейін киелі шаңыраққа қайта атбасын тірегеніне толқып тұрғанын да жасырмады.

Д. Мәсімханұлы: «Бұл кездесуіміздің басты мақсаты, ақпан айында ҚазҰУ-дің ректоры Ж.Қ. Түймебаевпен Ғылым және білім интеграциясы бойынша меморандумға қол қойылған болатын. Сіздер арабтану, ирантану, корейтану, қытайтану, жапонтану т.б. шығыс елдерінің тарихына қатысты мамандар дайындайтын еліміздегі бірегей ЖОО болғандықтан, Шығыстану институтытың басты әріптесі болып табыласыздар. Сондықтан ғылым мен білім интеграциясы бойынша бірлесіп қандай жұмыстар атқаратынымызды, Шығыстану институтының қазіргі ғылыми потенциалы, ғылыми-зерттеу бағыттары, халықаралық байланыстар т.б. мазмұндар бойынша кеңінен ақпарат беру» – деді.

Одан әрі Д. Мәсімханұлы Шығыстану институты бойынша жан-жақты ақпарат берді.

Еске сала кетсек, ғылым мен білімді интеграциялаудың жаңа жобасы басталған 2014 жылдан бері Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты осы бағдарлама аясында 5 мамандық, атап айтқанда «Шыңыстану», «Түркітану», «Тарих» және «Аймақтану», «Халықаралық қатынас» мамандықтары бойынша докторанттар мен магистарнттар даярлады және бұл істі жалғастырып келеді. Бүгінде әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев ат. ЕУҰ, Абай ат. ҚазҰПУ, Абылай хан ат. ҚХҚжӘТУ, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеттеттерімен ғылым мен білім интеграциясы бойынша келісім-шарттар жасалған.

2021-2022 оқу жылынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бірлескен магистратура мен  PhD докторантура бағдарламасы жаңартылып, жаңа атаумен төмендегі мамандықтар бойынша доктарантар мен магистранттар қабылдауды бастады.

  1. 8 D02212- Докторантура. Классикалық шығыстану. (Ғылым Ордасы).
  2. 7М02221- Магистратура. Заманауи шығыстану. (Ғылым Ордасы).

Осы бағдарлама аясында институт шығыстанушы ғалымдардың жаңа буынын тәрбиелей отырып, жоғары білікті мамандар даярлауды одан әрі жалғастыратын болады. Осы аяда туындап отырған бірқатар мәселелер бар. Осы мәселелерді шешуде мынандай нақты ұсыныстар білдіреміз:

  1. «Шығыстану» мамандығы бойынша өз алдына жеке әл-Фараби ат. ҚазҰУ мен Институт ғалымдары бірлескен PhD докторлық диссертациялық кеңесін ашу қажет. Қазіргі таңда жұмыс жасап жатқан «Шығыстану» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтары бойынша біріккен диссертациялық кеңеске пәнаралық байланыс бойынша «Шығыстану» мамандығының деректану, лингвистика, әдебиеттану, мәдениеттану және т.б. салалары бойынша орындалған диссертацияларды қорғауға ұсыну көп жағдайда мүмкін бола бермейді және аталмыш дискеңес құрамын 2024 жылға дейін бекітіліп қойғаны анықталды. Бұл дискеңесте институттан тұрақты мүше жоқ. Алдағы уақытта дискеңес құрамын қайта қарап, институт мамандарын тарту туралы мәселесін қарастыру;
  2. Институт бұдан кейін Шығыстану факультетінің ғалымдарын ғылыми жобаларға молынан тартуды жоспарлап отыр. Ол үшін әл-Фараби ат. ҚазҰУ ғалымдары да бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеуге белсенді атаслысу;
  3. БҒМ Бақылау және қадағалау комитеті (КОКСОН) салалық журналдарын ЖОО-мен бірлесіп даярлау;
  4. Тұрақты түрде бірлескен ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізу жұмысын жандандыру;
  5. Екі тараптың мамандары бірлесіп оқулықтар әзірлеу.
  6. Институт ғалымдарының докторанттар мен магистранттарға ғылыми жетекшілік жасағаны үшін ҚазҰУ институт мамандарына шаттық жалақы төлеу тәртібін енгізу;
  7. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өз мүмкіндігін пайдаланып Шығыстану институтының магистрант, докторанттарын, жас ғалымдарын жатақханамен, баспанамен қамтамасыз етуге қолғабыс ету деген секілді ұсыныстар айтылды.Кездесу соңында Шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре тағылымы мол, мазмұнды кездесу үшін Д. Мәсімханұлына алғыс білдірді.Д. Мәсімханұлы институтың соңғы жылдарда шыққан кітаптары мен өзіңің жеке кітаптарын сыйға тартты. Сондай-ақ, өзі бұрын қызмет істеген Қытайтану кафедрасына барып, аудиторияларды аралап ұстаздармен емен-жарқын әңгімелесті.
https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/