«Академик Рамазан Бимашұлы Сүлейменов және Қазақстанда тарих ғылымының дамуы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді

1137

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Р.Б. СҮЛЕЙМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты 2021 жылдың 22 қыркүйегінде сағат 11.00-де Р.Б. Сүлейменовтың 90 жылдығына арналған «Академик Рамазан Бимашұлы Сүлейменов және Қазақстанда тарих ғылымының дамуы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Рамазан Бимашұлы Сүлейменов – тарихшы, шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы (1973), профессор (1981), ҚазССР ҒА академигі (1989), Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты.

1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдап, одан кейін аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер, Қазақстанның мәдениет тарихы (1959-1992) және шығыстану бөлімінің меңгерушісі (1979-1985), Тарих, археология және этнография институты директорының орынбасары (1983-1984), директоры (1985-1988), Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы (1986-1992), Шығыстану орталығының бірінші басшысы (1992) қызметтерін атқарды.

Қазақстанның мәдениет тарихы саласында жаңа перспективалы ғылыми бағыт пен ғылыми мектептің негізін қалады. Мәдени құрылым, отандастық интеллигенцияны қалыптастыру және дамыту проблемаларын әзірлеуге, қазақ халқы мәдени мұрасының жасанды түрде үзілген сабақтастығын қалыптастыруға, негізсіз репрессияға ұшыраған жазушылардың, мемлекеттік қайраткерлер мен ғылым және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық мұрасының ғылыми ақталуына зор үлес қосқан. «Шоқан Уәлиханов – ХІХ ғ. Орталық Азияның көшпенді халықтарының зерттеушісі» шығармашылық жұмысы, Абылай хан, Т. Жүргенов, С. Асфендияров, Г. Тоғжанов, Т. Рысқұлов, Қ.Қ. Жұбанов туралы жазған кітаптары мен мақалалары көпшіліктің көңілінен шыққан.

Қазақстанның Шығыстағы шекаралас мемлекеттерімен саяси және мәдени байланыстары тарихына, Қазақстан және Орталық Азия халықтарының философиялық және мәдени мұрасының тарихына арналған 30 дан астам жұмыстарында шығыстану тақырыбы қарастырылған. 238 ғылыми жұмыстың авторы, оның 30 дан астамы – монография.

Конференция материалдары электронды форматта шығарылады.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс.

Жұмыс форматы: Zoom базасындағы онлайн конференция (Конференция идентификаторы: 840 7631 3636, пароль: 124226)

Конференцияға қатысу үшін ғалымдар, қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Тезистерді рәсімдеу талаптары.

Мәтін шрифті «Times New Roman», 14 кегль, жоларалық интервал – бір. Шекаралары: жоғарғы – 2 см, төмеңгі – 2 см, оң – 1 см, сол – 3 см. Ортада қалың кіші әріптермен интервал арқылы – мақаланың атауы, оң жақта – автордың толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы мен ұйым атауы, жақшаларда – қала, ел жазылады. Мақаланың атауы мен автор туралы ақпарат – түпнұсқа тілінде. Мақалада сілтемелер беттерді көрсететін төртбұрышты жақшалармен пішімделеді (мысалы, [1, 17. б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы және байланыс телефондары:

050010, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 29, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, тел.: 8(727) 261-16-01, 261-26-13. Эл.адрес: ernur.bk@mail.ru

Конференцияның жұмысына қатысуға шақырамыз!

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

 

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/