“ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ” АТТЫ ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырған “Елін сүйген, елі сүйген Елбасы” атты онлайн кездесу өтті. Оған университет студенттері онлайн форматта қатысты. Шара қонағы ретінде Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ф.ғ.д. профессор Дүкен Мәсімханұлы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеулер университеті жанындағы “Рухани жаңғыру” гуманитарлық зерттеулер институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі Ханкелді Махмұтұлы Әбжанов қатысты. Шара модератор Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректорының міндетін атқарушы, физика-математика ғылымдарының докторы Сәхиев Саябек Қуанышбекұлы.
Ф.ғ.д. профкссор Дүкен Мәсімханұлы Елбасының тәуелсіз ел құру жолындағы еңбектеріне тоқтала келіп, ойын мынадай үш негізгі мәселеге түйіндеді: “Бірінші, Елорданы Арқаға көшіру – Елбасының көреген саясатының жемісі. Бүгінгі күні оның жемісін қазақ көріп отыр. Екінші, көрші елдермен болған шекара мәселесін заңдық құжат ретінде бекітіп, шегендеуді – Елбасы өзінің ұлт алдындағы перзенттік парызы санады. Шекара – қазақтың мәңгілік ел болуының мызғымас кепілі. Үшінші, шеттегі қандастарды Отанға шақыру – қиын-қыстау кезеңдегі Елбасы ерлігінің жарқын көрінісі. Соның нәтижесінде, Отанға бір миллионнан астам қандасымыз оралып, еліміздің демографиялық мәселесінің шешілуіне оң әсер етті. Бұл санамалап айтатын Елбасы еңбектерінің бір парасы. Тұңғыш Президент күнімен баршаңызды құттықтаймын” деді.